https://sputnik.kz/20241029/ministr-qazaqstanda-shygarylatyn-turmystyq-tekhnikany-korsetti-48159430.html
Министр Қазақстанда шығарылатын тұрмыстық техниканы көрсетті
Министр Қазақстанда шығарылатын тұрмыстық техниканы көрсетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанда шығарылатын тұрмыстық техниканы көрсетті, деп хабарлайды Sputnik... 29.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-29T16:34+0500
2024-10-29T16:34+0500
2024-10-29T17:17+0500
техника
өндіріс
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1c/44605656_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a8ef1879b887e8b0d0f9dec0c754ade5.jpg
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанда шығарылатын тұрмыстық техниканы көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкіметтің бүгінгі отырысы машина жасау өнеркәсібін дамыту мәселесіне арналды. Ал министр Шарлапаев слайд-шоумен Қазақстанда шығарылатын тұрмыстық техниканы да көрсетті. Биыл 9 айдың ішінде үйге қажетті 179 мың дана техника шығарылды. Соның ішінде ас үй плиталары, шағын пештер, кір жуғыш машиналар, теледидарлар, су жылытқыштар және шаңсорғыштар бар.Ал отырыстан кейінгі брифингте журналистер министрден өзімізде шығарылған техниканы қайдан сатып алуға болатынын және өзі ондай тұрмыстық техниканы қаншалықты қолданатынын сұрады. Министр Қазақстанда шығарылған тұрмыстық техниканы қолданбайтынын айтты.Оның сөзіне қарағанда, әлемдік брендтер өндірісін тарту жұмысы жалғаса береді. Соның арқасында халық тұтынатын тауарларды арттыру міндеті тұр.
https://sputnik.kz/20241029/otandyq-kolikter-ozimizden-shyqqan-temirden-zhasalmaydy--ministr-sebebin-tusindirdi-48158631.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1c/44605656_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_1b1d7164f19b87e3e1fc43b4e709175b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
техника, өндіріс
Министр Қазақстанда шығарылатын тұрмыстық техниканы көрсетті
16:34 29.10.2024 (жаңартылды: 17:17 29.10.2024) АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанда шығарылатын тұрмыстық техниканы көрсетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысы машина жасау өнеркәсібін дамыту мәселесіне арналды. Ал министр Шарлапаев слайд-шоумен Қазақстанда шығарылатын тұрмыстық техниканы да көрсетті. Биыл 9 айдың ішінде үйге қажетті 179 мың дана техника шығарылды. Соның ішінде ас үй плиталары, шағын пештер, кір жуғыш машиналар, теледидарлар, су жылытқыштар және шаңсорғыштар бар.
Ал отырыстан кейінгі брифингте журналистер министрден өзімізде шығарылған техниканы қайдан сатып алуға болатынын және өзі ондай тұрмыстық техниканы қаншалықты қолданатынын сұрады. Министр Қазақстанда шығарылған тұрмыстық техниканы қолданбайтынын айтты.
"Бірақ біз Dauscher брендімен шығарылатын шағын пешті сыйға алдық. Қазақстанда шығарылатын тұрмыстық техниканы интернеттен тауып алуға болады", - деді Шарлапаев.
Оның сөзіне қарағанда, әлемдік брендтер өндірісін тарту жұмысы жалғаса береді. Соның арқасында халық тұтынатын тауарларды арттыру міндеті тұр.