Видео

Бұрынғы нашақор қалай есірткіге тәуелді болып қалғанын айтты – видео

Жазылу
29 жастағы бұрынғы нашақор Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына берген сұхбатында дәріханадағы дәріге тәуелді болып қалғанын, сондықтан кез келген дәріні дәрігердің кеңесімен ішу қажет екенін айтты.
"Кейбір дәрілердің құрамында 70 процент есірткі болады. Сондықтан дәрігердің рецептімен ғана берілуі керек. Бірақ бізде заңсыз жұмыс істейтін фармацевтер бар, рецептсіз сата береді. Адам оны бір рет ішсе, бірден тәуелді болып қалады. Денсаулыққа қатты зиян", - дейді Сұлтан.
Сондай-ақ лак-бояу заттары да тәуелділікке алып келеді. Оны да кез келген адамға сата береді екен.
"Психологияға, тыныс алу жолдарына қатты зиян. Жас балаларға мүлдем сатуға болмайды", - деп дабыл қақты елорда тұрғыны.
Жаңалықтар
0