Бектенов 10 трлн теңгенің бағдарламасы туралы айтты

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаЗаседание правительства Казахстана
Заседание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов машина жасау өндірісін дамыту мәселесі қаралған отырыста отандық өндірушілерді қолдау бағдарламасы туралы айтты. Оған 10 трлн теңге бөлінеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша отандық өнім өндірушілерге ерекше басымдық беру керек.
"Бұны талай рет айттық. Ұлттық жобада осы басымдық кәдімгідей жазылады. Бірақ жобасын жан-жанқты талқылау керек. Бизнес те, соның ішінде машина жасаушылар одағы өз ұсынысын берсін. Барлығы қарасын, отандық өнім өндірушілерді барынша қорғауымыз қажет. Бұл бағдарламаға шамамен 10 трлн теңге бөлінеді деген жоспар бар. Біздің бизнес үшін үлкен ақша", - деді Бектенов.
Айта кетері, бүгінгі отырыста құрылыс және өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев көліктің үш моделін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталып қалғанын мәлімдеді.
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2024
Қазақстанда көліктің үш моделін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын
Жаңалықтар
0