Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа бағдарлар іске қосылды

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы, архивтегі фото
Алматы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2024
Жазылу
Былтыр әкімдік 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алған болатын
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Алматыда қала маңына қатынайтын қоғамдық көлік бағдарлары ашылып жатыр, деп хабарлады қала әкімдігі.
28 қазаннан бастап №237, №257 және №258 маршруты іске қосылды, ал 1 қарашадан бастап №239 маршруты жүре бастайды.

"№237 "Барлық базары – Қаратөбе ауылы" бағытындағы бағдарда үлкен сыйымдылықтағы 5 автобус қызмет көрсетеді. Маршрут таңғы сағат 5:30-дан басталады, аяқталу уақыты – 23:05. Тасымалдаушы – "Қаскелең автобус паркі" ЖШС", - дейді ведомство.

№257 "№7 қалалық аурухана – Еңбекші ауылы" бағытындағы бағдарда да үлкен сыйымдылықтағы 5 автобус қызмет көрсетеді. Маршрут таңғы сағат – 5:30-дан түнгі сағат 23:01-дейін жолаушылар тасымалдайды. Бұл бағытта да "Қаскелең автобус паркі" ЖШС қызмет көрсетеді.
"Сондай-ақ №258 "Жетісу базары – Өстемір ауылы" бағытындағы бағдарда 2 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жүру уақыты – 5:40, аяқталу уақыты – 22:01. Тасымалдаушы – "Самат-Транс" ЖШС", - дейді Алматы қаласының әкімдігі.
Бұнымен қоса №239 "Б. Момышұлы метро бекеті – Долан ауылы" бағытындағы бағдарда 18 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың басталу уақыты – 5:30, аяқталу уақыты – 23:01. Тасымалдаушы – "Neo City Trans" ЖШС.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр әкімдік 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алып, 22 жаңа бағдар, оның ішінде 10 қала маңындағы бағытты ұйымдастырды. Бұл 50-ге жуық елді мекенді қамтыды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алу жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0