https://sputnik.kz/20241028/zhemqorlardan-tarkilengen-12-mlrd-tengege-aleumettik-nysandar-salynady-48129431.html
Жемқорлардан тәркіленген 12 млрд теңгеге әлеуметтік нысандар салынады
Жемқорлардан тәркіленген 12 млрд теңгеге әлеуметтік нысандар салынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржыға бірнеше әлеуметтік нысан салынады. 28.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-28T13:04+0500
2024-10-28T13:04+0500
2024-10-28T13:04+0500
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/748/01/7480122_0:0:3055:1719_1920x0_80_0_0_a7f7b9e78b4b75db1afa0c6d68859705.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржыға бірнеше әлеуметтік нысан салынады.Солардың бірі – Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығын салу жобасы. Оның ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды.Объект іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп жоспарланып отыр.Тағы бір мысал, Шымкентте мұқтаж отбасыларға беру үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр.Мемлекет басшысы қыркүйек айындағы Қазақстан халқына жолдауында "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңның субъектілері әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға қатысуы қажеттігін атап өткен болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/01/7480122_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_3b3e27289f152f44b9082a5fb66a9134.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржыға бірнеше әлеуметтік нысан салынады.
"Активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында тізілім субъектілерімен 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 4 келісімге қол қойылды", деп хабарлады Бас прокуратура.
Солардың бірі – Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығын салу жобасы. Оның ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды.
Объект іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Тағы бір мысал, Шымкентте мұқтаж отбасыларға беру үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр.
Мемлекет басшысы қыркүйек айындағы Қазақстан халқына жолдауында "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңның субъектілері әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға қатысуы қажеттігін атап өткен болатын.