https://sputnik.kz/20241028/qazaqstanda-balyq-pen-teniz-onimderi-qymbattap-ondiris-kerisinshe-qysqardy-48063543.html
Қазақстанда балық пен теңіз өнімдері қымбаттап, өндіріс керісінше қысқарды
Қазақстанда балық пен теңіз өнімдері қымбаттап, өндіріс керісінше қысқарды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Қазақстанда балық пен теңіз өнімдері 7%-ке қымбаттаған, ал өндіріс керісінше азайды, деп жазды Enrgyprom.kz. 28.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-28T08:00+0500
2024-10-28T08:00+0500
2024-10-28T08:00+0500
балық
теңіз шаяны
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1d/15326459_0:789:2048:1941_1920x0_80_0_0_2b5d69fe9fc66df7abeecd9cf6a657ad.jpg
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Қазақстанда балық пен теңіз өнімдері 7%-ке қымбаттаған, ал өндіріс керісінше азайды, деп жазды Enrgyprom.kz.Биыл қаңтар-қыркүйекте консервіленген 9,3 мың тонна балық, сондай-ақ уылдырық пен оның алмастырғыштары өндірілді, бұл өткен жылмен салстырғанда 10,5%-ке аз.29,1 мың тонна жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған балық өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда 19%-ке аз. Ал шаян тәрізділер мен ұлу өндірісі еш өзгеріссіз қалды.Консервіленген балық пен уылдырық негізінен Түркістан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында, жаңа ауланған және мұздатылған балықтар – Атырау, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында, ал шаян тәрізділер мен ұлу – тек Павлодар облысында өндірілді.Биыл балық өнеркәсібі нарықтағы қажеттілікті толық қамтамасыз ете алмады. Қаңтар-шілде айларында жергілікті компаниялар өңделген және консервіленген балықтарға, шаян тәрізділер мен ұлуға сұранысты (ішкі нарықта сатуды және экспортты) небәрі 46,9% қамтамасыз етті. Осы кезеңде қазақстандық өндіріс 11,4%-ке, яғни 31,5 мың тоннаға дейін қысқарды.Биыл 7 айда Қазақстан экспортқа 10,7 мың тонна өнім жіберді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,4%-ке аз. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша бұл өнім бөлшек саудада 7,3%-ке қымбаттады. Маңғыстау облысында балық пен теңіз өнімдерінің бағасы 20,6%, Шығыс Қазақстанда 15,1%, Ақтөбеде 13,8%-ке дейін өскен. Тек Астана (0,4%) мен Түркістан (2,7%) облысында балық бағасы аса қымбаттамаған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1d/15326459_0:597:2048:2133_1920x0_80_0_0_71ceed29de3554f88b961d7c93780661.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балық, теңіз шаяны
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Қазақстанда балық пен теңіз өнімдері 7%-ке қымбаттаған, ал өндіріс керісінше азайды, деп жазды
Enrgyprom.kz. Биыл қаңтар-қыркүйекте консервіленген 9,3 мың тонна балық, сондай-ақ уылдырық пен оның алмастырғыштары өндірілді, бұл өткен жылмен салстырғанда 10,5%-ке аз.
29,1 мың тонна жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған балық өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда 19%-ке аз. Ал шаян тәрізділер мен ұлу өндірісі еш өзгеріссіз қалды.
Консервіленген балық пен уылдырық негізінен Түркістан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында, жаңа ауланған және мұздатылған балықтар – Атырау, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында, ал шаян тәрізділер мен ұлу – тек Павлодар облысында өндірілді.
Биыл балық өнеркәсібі нарықтағы қажеттілікті толық қамтамасыз ете алмады. Қаңтар-шілде айларында жергілікті компаниялар өңделген және консервіленген балықтарға, шаян тәрізділер мен ұлуға сұранысты (ішкі нарықта сатуды және экспортты) небәрі 46,9% қамтамасыз етті. Осы кезеңде қазақстандық өндіріс 11,4%-ке, яғни 31,5 мың тоннаға дейін қысқарды.
Биыл 7 айда Қазақстан экспортқа 10,7 мың тонна өнім жіберді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,4%-ке аз. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша бұл өнім бөлшек саудада 7,3%-ке қымбаттады. Маңғыстау облысында балық пен теңіз өнімдерінің бағасы 20,6%, Шығыс Қазақстанда 15,1%, Ақтөбеде 13,8%-ке дейін өскен. Тек Астана (0,4%) мен Түркістан (2,7%) облысында балық бағасы аса қымбаттамаған.