Боран, көктайғақ: Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневСнег в Нур-Султане
Снег в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. "Қазгидромет" 28 қазанда еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамына сәйкес ауа райы нашарлайды (қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран, көктайғақ, тұман).
Астана қаласында 28 қазанда түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.
28 қазанда Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
28 қазанда Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар) болады, тұман, көктайғақ. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.
Алматы қаласында 28 қазанда кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Кешкі уақытта тұман. Қонаев қаласында 28 қазанда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
28 қазанда Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.
28 қазанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
28 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкент қаласында 28 қазанда түнде және таңертең қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
28 қазанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 28-29 қазанда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 28-29 қазанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
28 қазанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23 м/с.
28 қазанда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 23 м/с.
28 қазанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.
28 қазанда Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
28 қазанда түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.
28 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
28 қазанда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с.
28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Жаңалықтар
0