https://sputnik.kz/20241028/bishimbaevtyn-zhazasyn-zhenildetudi-usyngan-ayelge-qatysty-sot-ukimi-shyqty-48136408.html
100 млн теңге: Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйелге сот үкімі шықты
100 млн теңге: Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйелге сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Қуандық Бишімбаевтың жазасын... 28.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-28T17:49+0500
2024-10-28T17:49+0500
2024-10-28T18:28+0500
қуандық бишімбаев
сот
пара
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_0:192:3001:1880_1920x0_80_0_0_0de4afdb79c701144fcdfde69b3da1e8.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйелді 10 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Астана тұрғыны алаяқтық жасауға оқталғаны және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін айыпталған болатын. Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы мамыр айында Бишімбаевтың отбасына барып, ұлының жазасын жеңілдетуді ұсынған. Ол апелляциялық сатыға 100 млн теңге беру керек деп айтқан. Сол күні кешке тағы келіп, пара беруге итермелеген. Алайда алаяқтық әрекетін аяғына дейін іске асыра алмады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері оны қолға түсірді.Сотта прокурор 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал сотталушы әйел өз кінәсін мойындамады. Қорғаушысы оны ақтауды сұрады.Сотталушының балалары бар. Бұл жазаны жеңілдететін мән-жай деп танылды, ауырлататын жағдай анықталған жоқ.Алқабилердің қатысуымен шығарылған сот үкімімен Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуді ұсынған әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20240926/eks-ministr-bishimbaev-tagy-bir-sotta-saltanat-nukenovanyn-otbasyna-zhenilip-qaldy-47375759.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_84:0:2751:2000_1920x0_80_0_0_556a91bc70c41ebd228d21c149216b02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаев, сот, пара
қуандық бишімбаев, сот, пара
100 млн теңге: Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйелге сот үкімі шықты
17:49 28.10.2024 (жаңартылды: 18:28 28.10.2024) АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйелді 10 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Астана тұрғыны алаяқтық жасауға оқталғаны және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін айыпталған болатын. Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы мамыр айында Бишімбаевтың отбасына барып, ұлының жазасын жеңілдетуді ұсынған. Ол апелляциялық сатыға 100 млн теңге беру керек деп айтқан. Сол күні кешке тағы келіп, пара беруге итермелеген. Алайда алаяқтық әрекетін аяғына дейін іске асыра алмады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері оны қолға түсірді.
Сотта прокурор 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал сотталушы әйел өз кінәсін мойындамады. Қорғаушысы оны ақтауды сұрады.
Сотталушының балалары бар. Бұл жазаны жеңілдететін мән-жай деп танылды, ауырлататын жағдай анықталған жоқ.
Алқабилердің қатысуымен шығарылған сот үкімімен Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуді ұсынған әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.