https://sputnik.kz/20241028/atyraudagy-pansionatta-qonyz-qaptap-ketti--bilim-basqarmasy-tusinikteme-berdi--48134687.html
Атыраудағы пансионатта қоңыз қаптап кетті – білім басқармасы түсініктеме берді
Атыраудағы пансионатта қоңыз қаптап кетті – білім басқармасы түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Атырау облысында балалар пансионатында ағаш қоңызы қаптап кеткен. Ата-аналардың наразылығын тудырған жағдайға қатысты облыстық... 28.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-28T16:35+0500
2024-10-28T16:35+0500
2024-10-28T16:35+0500
атырау облысы
білім
каникул
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1c/48134202_0:16:1280:736_1920x0_80_0_0_927b07a5b2c03e11a20643b88502bbbf.jpg
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Атырау облысында балалар пансионатында ағаш қоңызы қаптап кеткен. Ата-аналардың наразылығын тудырған жағдайға қатысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қоңыздардың төсекте жүргенін демалып жатқан балалар ұялы телефонға түсіріп, ата-аналарына жіберген. Облыстық білім басқармасы бұл келеңсіздік ауа райының өзгерісінен болғанын айтады. 23 жылдан бері пансионатта мұндай жағдай тіркелмеген.Пансионаттағы демалыс Жылыой ауданының су тасқынынан зардап шеккен отбасыларының балаларын қолдау, каникул уақытын қызықты өткізу мақсатында ұйымдастырылған. Мекеме экологиялық таза, курортты аймақта, орманның ортасында орналасқан. Минералды бұлақ көзі, бювет бар. Мекеме 12 ай бойы келушілерді қабылдайды. "Ағаш қоңыздары адамға зиян келтірмейді, күннің күрт жылынуынан елді мекенде көбейген. 21 – 26 қазанда мекемеге 2 мәрте дезинфекция жасалды", - дейді ведомстводағылар. Балалар бүгін үйлеріне қайтарылады, алайда олардың көпшілігі демалысты жалғастыруды қалайтындарын айтқан.
https://sputnik.kz/20240802/qulsaryda-zhana-shagyn-audan-salynyp-zhatyr-zhumys-72-ga-ayaqtaldy-46063229.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1c/48134202_139:0:1142:752_1920x0_80_0_0_be84377e33ce3256d231c407768ce665.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, білім, каникул
атырау облысы, білім, каникул
Атыраудағы пансионатта қоңыз қаптап кетті – білім басқармасы түсініктеме берді
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Атырау облысында балалар пансионатында ағаш қоңызы қаптап кеткен. Ата-аналардың наразылығын тудырған жағдайға қатысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қоңыздардың төсекте жүргенін демалып жатқан балалар ұялы телефонға түсіріп, ата-аналарына жіберген. Облыстық білім басқармасы бұл келеңсіздік ауа райының өзгерісінен болғанын айтады. 23 жылдан бері пансионатта мұндай жағдай тіркелмеген.
Пансионаттағы демалыс Жылыой ауданының су тасқынынан зардап шеккен отбасыларының балаларын қолдау, каникул уақытын қызықты өткізу мақсатында ұйымдастырылған.
"26 қазан мен 4 қараша аралығында 174 оқушы (113 ұл/ 61 қыз) және 18 жетекші мұғалім демалысқа жіберілді. Елді мекенде бірнеше күн жауған жаңбырдан соң, ауа райы күрт жылынып, ауаға ағаш қоңыздары ұшып, ашық қалған терезелерден ғимараттың №6 корпусына кіріп, тараған. Өзге ғимараттарда қоңыздар жоқ", - дейді білім басқармасы.
Мекеме экологиялық таза, курортты аймақта, орманның ортасында орналасқан. Минералды бұлақ көзі, бювет бар. Мекеме 12 ай бойы келушілерді қабылдайды.
"Ағаш қоңыздары адамға зиян келтірмейді, күннің күрт жылынуынан елді мекенде көбейген. 21 – 26 қазанда мекемеге 2 мәрте дезинфекция жасалды", - дейді ведомстводағылар.
Балалар бүгін үйлеріне қайтарылады, алайда олардың көпшілігі демалысты жалғастыруды қалайтындарын айтқан.