https://sputnik.kz/20241028/672-internet-sayt-anyqtaldy-uqshu-elderinde-esirtkige-qarsy-auqymdy-operatsiya-zhurgizildi-48137802.html
672 интернет-сайт анықталды: ҰҚШҰ елдерінде есірткіге қарсы ауқымды операция жүргізілді
672 интернет-сайт анықталды: ҰҚШҰ елдерінде есірткіге қарсы ауқымды операция жүргізілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. ҰҚШҰ елдері есірткіге қарсы “Арна-Авангард” субөңірлік операциясын өткізді. 28.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-28T21:36+0500
2024-10-28T21:36+0500
2024-10-28T21:36+0500
ұқшұ
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1c/48130966_0:48:1280:768_1920x0_80_0_0_ebea38e25745955163c90b04f33121d3.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. ҰҚШҰ елдері есірткіге қарсы “Арна-Авангард” субөңірлік операциясын өткізді.Ол 21-25 қазан аралығында бірлестікке мүше мемлекеттердің аумағында өтті.Операцияға құқық қорғау органдары, шекара және кеден органдары, мемлекеттік қауіпсіздік қызметтері, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелері, сондай-ақ Қытай, Иран, ШЫҰ, БҰҰ ЕҚБ, ЕАГ, ТМД елдерінің бақылаушылары қатысты.Операцияны басқару жөніндегі үйлестіру штабы Душанбеде орналастырылды. Операцияға құзырлы органдардың 24 мыңға жуық қызметкері, кинологиялық бригадалар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, арнайы және инспекциялық техника жұмылдырылды.ҰҚШҰ бірлескен штабы хабарлағандай, операция барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында заңсыз айналымнан 590 келіден астам есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Атап айтқанда:683 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде:Жеті есірткі зертханасы жойылып, есірткі бизнесіне қатысты қылмыстарды жасағаны үшін 569 адам ұсталды, оның ішінде 16-сы іздеуде жүргендер.Есірткіге қатысты тыйым салынған ақпарат таралатын 672 интернет-сайт анықталды. Құқық бұзушылардан 34 атыс қаруы мен әртүрлі калибрлі 1457 дана оқ-дәрі тәркіленді.Операцияны жүзеге асыру барысында қаржылық барлау бөлімшелері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген 200-ден астам тұлғаның қатысуымен 16 мыңнан астам күдікті қаржылық операцияларды анықтады.Анықталған операциялардың жалпы сомасы 6 миллиард рубльден асады, олардың көпшілігі қаражат транзитіне, қолма-қол ақша салуға және алуға, заңсыз банк карталарын пайдалануға және криптовалюта операцияларына қатысты.Қазақстан мен Тәжікстанның қаржылық барлау қызметтері күдіктілердің 31 шотындағы шамамен 2 миллион рубль (20,6 мың доллар) көлеміндегі қаражаттың қозғалысын тоқтатты.
https://sputnik.kz/20241024/tasmagambetov-uqshu-nyn-aldynda-turgan-problemalar-men-mindetter-turaly-aytty-48063830.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1c/48130966_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_ab14ec6a7b60d8ce43c18c52d567dcf8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, есірткі
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. ҰҚШҰ елдері есірткіге қарсы “Арна-Авангард” субөңірлік операциясын өткізді.
Ол 21-25 қазан аралығында бірлестікке мүше мемлекеттердің аумағында өтті.
Операцияға құқық қорғау органдары, шекара және кеден органдары, мемлекеттік қауіпсіздік қызметтері, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелері, сондай-ақ Қытай, Иран, ШЫҰ, БҰҰ ЕҚБ, ЕАГ, ТМД елдерінің бақылаушылары қатысты.
Операцияны басқару жөніндегі үйлестіру штабы Душанбеде орналастырылды. Операцияға құзырлы органдардың 24 мыңға жуық қызметкері, кинологиялық бригадалар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, арнайы және инспекциялық техника жұмылдырылды.
ҰҚШҰ бірлескен штабы хабарлағандай, операция барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында заңсыз айналымнан 590 келіден астам есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Атап айтқанда:
Сондай-ақ 21 келіден астам күшті әсер ететін заттар.
683 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде:
контрабандаға қатысты – 21.
Жеті есірткі зертханасы жойылып, есірткі бизнесіне қатысты қылмыстарды жасағаны үшін 569 адам ұсталды, оның ішінде 16-сы іздеуде жүргендер.
Есірткіге қатысты тыйым салынған ақпарат таралатын 672 интернет-сайт анықталды. Құқық бұзушылардан 34 атыс қаруы мен әртүрлі калибрлі 1457 дана оқ-дәрі тәркіленді.
Операцияны жүзеге асыру барысында қаржылық барлау бөлімшелері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген 200-ден астам тұлғаның қатысуымен 16 мыңнан астам күдікті қаржылық операцияларды анықтады.
Анықталған операциялардың жалпы сомасы 6 миллиард рубльден асады, олардың көпшілігі қаражат транзитіне, қолма-қол ақша салуға және алуға, заңсыз банк карталарын пайдалануға және криптовалюта операцияларына қатысты.
Қазақстан мен Тәжікстанның қаржылық барлау қызметтері күдіктілердің 31 шотындағы шамамен 2 миллион рубль (20,6 мың доллар) көлеміндегі қаражаттың қозғалысын тоқтатты.