Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралатынын айтты

© AFP 2024 / Yong Teck LimҚазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2024
Жазылу
Бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлы мен британдық боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) арасындағы келіссөздер мерзімін ұзартты
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
"Ақпан - жекпе-жек үшін тамаша ай. Мен ақпан айында дайын боламын! Бірақ менімен кім жекпе-жекке шығады деген сұрақ туындайды?!" – деп жазды Әлімханұлы Х әлеуметтік желісіннде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлы мен британдық боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) арасындағы келіссөздер мерзімін ұзартқан болатын. Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан бөлек, IBF белбеуінің иегері. Оның әлеуетті қарсыласына келетін болсақ, Ширазда WBC Silver және EBU Еуропа чемпион белбеулері, сондай-ақ Бокс кеңесі достастығының титулдары бар.
 Казахстанский боксер Жанибек Алимханулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.07.2024
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы болмай қалған жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0