Қытайда 17 баланы ұрлап, сатып жіберген әйел өлім жазасына кесілді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қытайда 17 баланы ұрлап, сатып жіберген әйел өлім жазасына кесілді. Үкімді Гуйян қалалық соты шығарды, деп жазды "Синьхуа" агенттігі.
2023 жылдың қыркүйегінде сот 1993-1996 жылдар аралығында 11 баланы ұрлап, сатқаны үшін Юй Хуаинды кінәлі деп тауып, өлім жазасына кескен. Үкім жарияланғаннан кейін бірден сотталушы шешімге шағымданады.
2023 жылдың қарашасында сот айыпталушының шағымын қайта қарауға кірісті. 2024 жылдың қаңтарында полиция Юй Хуаиннің бала саудасының басқа да істеріне қатысы барын анықтап, қылмыстық істі қайта қарау туралы шешім қабылдады.
Содан бері бұл іске қатысы бар балалар саны 11-ден 17-ге дейін өсті. Оларды 12 отбасынан ұрлап әкеткен, оның бесеуі бірден екі баласынан айырылған.
Юй Хуаин қайтадан өлім жазасына кесілді.
Человек в наручниках держит официальный документ, фото из архива - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Әлем
Иранда наразылықтарға қатысқан чемпион өлім жазасына кесілді
Жаңалықтар
0