https://sputnik.kz/20241027/pavlodar-oblysynda-zhyl-basynan-beri-440-tan-astam-oteusiz-grant-berildi-48114228.html
Павлодар облысында жыл басынан бері 440-тан астам өтеусіз грант берілді
Павлодар облысында жыл басынан бері 440-тан астам өтеусіз грант берілді
Sputnik Қазақстан
Грант алғандардың жартысына жуығы – көпбалалы отбасылар 27.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-27T18:10+0500
2024-10-27T18:10+0500
2024-10-27T18:10+0500
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744362_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_f2dd2bc41e09e97839841c7048b882fc.jpg
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Павлодар облысында жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 440-тан астам азаматқа өтеусіз грант берілді, деп хабалады @Pavlodarnews.kz.Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 644,6 млн теңге сомасына жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 442 грант берілді.Алушылардың санаттары бөлінісінде 200 грант көп балалы отбасыларға, 83 грант – мүгедек адамдарға, 49 – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, 25 – атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, 20 – асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға, 65 - басқа санаттарға берілді.Өтеусіз гранттар: мал шаруашылығына – 176, өсімдік шаруашылығына – 7, мүкәммалды, еңбек құралдарын сатып алуға – 87, технологиялық жабдықтарды сатып алуға – 159 берілді.Жобаға қатысушылардың көпшілігі грант алып, өздерінің бизнес-жобаларын табысты жүзеге асыруда. Осындай мысалдардың бірі 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант алған Тереңкөл ауданының тұрғыны болды. Көпбалалы ана "Фахирслямова" ЖК тіркеді, технологиялық жабдықтар сатып алды және Монтессори әдісін қолдана отырып логопедиялық кабинет ашты, бүгінгі күні орталыққа 13 бала барады.Бизнестің тағы бір сәтті үлгісі – Кеменгер ауылының тұрғыны, "Дуэт" сұлулық салонын ашып, ауылдың үш тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда салонда шеберлер жұмыс істейді: қас, тырнақ стилисті, макияж суретшісі.Естеріңізге сала кетейік, қайтарымсыз гранттар конкурстық негізде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға өтініш берілгенге дейін жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде (тіркеу мерзімі үш жылдан аспайтын) тіркелген жағдайда беріледі.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744362_747:0:2998:1688_1920x0_80_0_0_9d3da7c43ab1235b9ba4c2a43e48a5ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы
Павлодар облысында жыл басынан бері 440-тан астам өтеусіз грант берілді
Грант алғандардың жартысына жуығы – көпбалалы отбасылар
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Павлодар облысында жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 440-тан астам азаматқа өтеусіз грант берілді, деп хабалады
@Pavlodarnews.kz.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 644,6 млн теңге сомасына жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 442 грант берілді.
Алушылардың санаттары бөлінісінде 200 грант көп балалы отбасыларға, 83 грант – мүгедек адамдарға, 49 – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, 25 – атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, 20 – асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға, 65 - басқа санаттарға берілді.
Өтеусіз гранттар: мал шаруашылығына – 176, өсімдік шаруашылығына – 7, мүкәммалды, еңбек құралдарын сатып алуға – 87, технологиялық жабдықтарды сатып алуға – 159 берілді.
Жобаға қатысушылардың көпшілігі грант алып, өздерінің бизнес-жобаларын табысты жүзеге асыруда. Осындай мысалдардың бірі 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант алған Тереңкөл ауданының тұрғыны болды. Көпбалалы ана "Фахирслямова" ЖК тіркеді, технологиялық жабдықтар сатып алды және Монтессори әдісін қолдана отырып логопедиялық кабинет ашты, бүгінгі күні орталыққа 13 бала барады.
Бизнестің тағы бір сәтті үлгісі – Кеменгер ауылының тұрғыны, "Дуэт" сұлулық салонын ашып, ауылдың үш тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда салонда шеберлер жұмыс істейді: қас, тырнақ стилисті, макияж суретшісі.
Естеріңізге сала кетейік, қайтарымсыз гранттар конкурстық негізде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға өтініш берілгенге дейін жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде (тіркеу мерзімі үш жылдан аспайтын) тіркелген жағдайда беріледі.