Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолға арналған кісен
Қолға арналған кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. Қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы аясында көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары іздеу жариялаған 41 жастағы шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлады "Отырар".
Ол кеден заңнамасын бұзып, пара алды деген күдікке ілінді.
Ер адам 11 жыл бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келген.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауда, оны экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2024
Көрші мемлекеттерде іздеуде жүрген 9 күдікті Түркістан облысында ұсталды
Жаңалықтар
0