https://sputnik.kz/20241026/qazaqstanda-memlekettik-satyp-aludy-baqylaytyn-platforma-iske-qosyldy-48101620.html
Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды бақылайтын платформа іске қосылды
Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды бақылайтын платформа іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Платформа кәсіпорынның нені және қандай көлемде өндіретінін, онда кім және қандай жағдайда жұмыс істейтінін ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттен қандай қолдау... 26.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-26T18:32+0500
2024-10-26T18:32+0500
2024-10-26T19:03+0500
мемлекеттік сатып алулар
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1a/48101285_0:0:2001:1125_1920x0_80_0_0_c29600dc6f981f7babe92a70de6eb440.jpg
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. Қазақстанда барлық отандық компаниялар туралы ақпаратты қамтитын жаңа платформа іске қосылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен үкімет отырысында қызметтің жұмысы сараланды.Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, жүйеде қазірдің өзінде екі мыңнан астам кәсіпорын туралы ақпарат бар. Олардың барлығы мемлекеттік сатып алу порталының қатысушылары. Мұнда олардың өнімдері, жұмыс көлемі және жасалған келісімшарттар туралы ақпарат бар.Платформа кәсіпорынның нені және қандай көлемде өндіретінін, онда кім және қандай жағдайда жұмыс істейтінін ғана емес, сонымен қатар, мысалы, мемлекеттен қандай қолдау шараларын алатынын көрсетеді.Платформа қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, СК-Фармация, "Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС, электрондық сатып алулар, квазимемлекеттік сектордың (Mitwork) және жер қойнауын пайдаланушылардың (NadLock) реттелетін сатып алуларының базаларымен толық интеграцияланған.Тұтастай алғанда, платформа тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар, цифрлық формат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1a/48101285_249:0:1750:1126_1920x0_80_0_0_ad6385b14fc67a26b6b24274b2f520a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік сатып алулар, олжас бектенов
мемлекеттік сатып алулар, олжас бектенов
Қазақстанда мемлекеттік сатып алуды бақылайтын платформа іске қосылды
18:32 26.10.2024 (жаңартылды: 19:03 26.10.2024) Платформа кәсіпорынның нені және қандай көлемде өндіретінін, онда кім және қандай жағдайда жұмыс істейтінін ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттен қандай қолдау шараларын алатынын көрсетеді
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. Қазақстанда барлық отандық компаниялар туралы ақпаратты қамтитын жаңа платформа іске қосылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен үкімет отырысында қызметтің жұмысы сараланды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, жүйеде қазірдің өзінде екі мыңнан астам кәсіпорын туралы ақпарат бар. Олардың барлығы мемлекеттік сатып алу порталының қатысушылары. Мұнда олардың өнімдері, жұмыс көлемі және жасалған келісімшарттар туралы ақпарат бар.
Платформа кәсіпорынның нені және қандай көлемде өндіретінін, онда кім және қандай жағдайда жұмыс істейтінін ғана емес, сонымен қатар, мысалы, мемлекеттен қандай қолдау шараларын алатынын көрсетеді.
Платформа қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, СК-Фармация, "Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС, электрондық сатып алулар, квазимемлекеттік сектордың (Mitwork) және жер қойнауын пайдаланушылардың (NadLock) реттелетін сатып алуларының базаларымен толық интеграцияланған.
Тұтастай алғанда, платформа тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар, цифрлық формат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.