https://sputnik.kz/20241026/g7-elderi-ukrainaga-nesie-toleudi-zhyl-sonyna-deyin-bastaudy-zhosparlap-otyr-48099886.html
G7 елдері Украинаға несие төлеуді жыл соңына дейін бастауды жоспарлап отыр
G7 елдері Украинаға несие төлеуді жыл соңына дейін бастауды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. G7 елдерінің басшылары Киевке шамамен 50 миллиард доллар көлемінде несие беру туралы келісімге келді, деп жазылған "Үлкен... 26.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-26T16:12+0500
2024-10-26T16:12+0500
2024-10-26T16:12+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
қаржыландыру
көмек
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/09/47711965_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_40cd14d042a989252f63aa5daafcd5c8.jpg
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. G7 елдерінің басшылары Киевке шамамен 50 миллиард доллар көлемінде несие беру туралы келісімге келді, деп жазылған "Үлкен жетіліктің" бірлескен мәлімдемесінде, деп хабарлады РИА Новости."Үлкен жетілік" сондай-ақ Киевке осы жылдың соңына дейін төлемдер беруді бастауды белгіледі.Бұл қаражат Украинаны қалпына келтіруге, сондай-ақ бюджеттік және әскери салаға қолдау көрсету үшін бірнеше арналар арқылы бөлінетіні хабарланды."Бұл несиелерге G7 елдерінің тиісті құқықтық жүйелеріне және халықаралық құқыққа сәйкес, Ресейдің бұғатталған активтерінен алынатын болашақ арнайы кіріс ағындары арқылы қызмет көрсетеді және өтеледі", - делінген құжатта.Министрлер Украинаға несие "Үлкен жетілікке" мүше елдердің екіжақты несиелері арқылы бөлінетінін, әрбір несие 2025 жылдың 30 маусымынан кешіктірмей күшіне енетінін түсіндірді.Бұған дейін Еуропалық әділет комиссары Дидье Рейндерс те Киевке берілетін несие бірқатар саяси және басқа да алғышартпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін қолжетімді болатынын айтқан.Ресей сыртқы істер министрлігі Еуропадағы ресейлік активтерді бұғаттауды бірнеше рет "ұрлық" деп атады және ЕО жеке қаражатқа ғана емес, сонымен қатар Ресейдің мемлекеттік активтерін де көздеп отырғанын мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Батыстың бұл әрекетіне қатысты Ресей жауап беретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей Федерациясының да Батыс елдерінің Ресейде сақтаған қаражатын қайтармауға мүмкіндігі бар.ЕО және "Үлкен жетілік" елдері Ресей Федерациясының шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттады. 200 миллиардтан астам еуро ЕО-да, негізінен әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.
https://sputnik.kz/20241024/batys-zelenskiy-men-resey-arasyndagy-kelissoz-bolganyn-qalaydy--lukashenko-48042015.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/09/47711965_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_ecac0d7de4c5ed63810d6bbd548c1d36.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржыландыру, көмек
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. G7 елдерінің басшылары Киевке шамамен 50 миллиард доллар көлемінде несие беру туралы келісімге келді, деп жазылған "Үлкен жетіліктің" бірлескен мәлімдемесінде, деп хабарлады РИА Новости.
"Бүгін біз, "Үлкен жетілік" (G7) елдерінің көшбасшылары, Украинаға шамамен 50 миллиард доллар несие беру туралы ымыраға келдік", - делінген Италия үкіметінің сайтында жарияланған G7 мәлімдемесінде.
"Үлкен жетілік" сондай-ақ Киевке осы жылдың соңына дейін төлемдер беруді бастауды белгіледі.
Бұл қаражат Украинаны қалпына келтіруге, сондай-ақ бюджеттік және әскери салаға қолдау көрсету үшін бірнеше арналар арқылы бөлінетіні хабарланды.
"Бұл несиелерге G7 елдерінің тиісті құқықтық жүйелеріне және халықаралық құқыққа сәйкес, Ресейдің бұғатталған активтерінен алынатын болашақ арнайы кіріс ағындары арқылы қызмет көрсетеді және өтеледі", - делінген құжатта.
Министрлер Украинаға несие "Үлкен жетілікке" мүше елдердің екіжақты несиелері арқылы бөлінетінін, әрбір несие 2025 жылдың 30 маусымынан кешіктірмей күшіне енетінін түсіндірді.
"Екі жақты несиелер Украинаға 2024 жылдың 1 желтоқсаны мен 2027 жылдың 31 желтоқсаны аралығында толығымен төленеді, бұл Украинаның шұғыл қаржыландыру қажеттіліктерін көрсетеді", - деп хабралады G7.
Бұған дейін Еуропалық әділет комиссары Дидье Рейндерс те Киевке берілетін несие бірқатар саяси және басқа да алғышартпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін қолжетімді болатынын айтқан.
Ресей сыртқы істер министрлігі Еуропадағы ресейлік активтерді бұғаттауды бірнеше рет "ұрлық" деп атады және ЕО жеке қаражатқа ғана емес, сонымен қатар Ресейдің мемлекеттік активтерін де көздеп отырғанын мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Батыстың бұл әрекетіне қатысты Ресей жауап беретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей Федерациясының да Батыс елдерінің Ресейде сақтаған қаражатын қайтармауға мүмкіндігі бар.
ЕО және "Үлкен жетілік" елдері Ресей Федерациясының шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттады. 200 миллиардтан астам еуро ЕО-да, негізінен әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear шоттарында жатыр.