https://sputnik.kz/20241026/aqtauda-50-zhyldan-beri-zhondeu-kormegen-magistraldyq-zhylu-qubyry-zhanartyldy-48102427.html
Ақтауда 50 жылдан бері жөндеу көрмеген магистральдық жылу құбыры жаңартылды
Ақтауда 50 жылдан бері жөндеу көрмеген магистральдық жылу құбыры жаңартылды
Sputnik Қазақстан
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай коммуналдық сала қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, дүмпулерді тез арада жою керектігін айтты 26.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-26T20:05+0500
2024-10-26T20:05+0500
2024-10-26T20:05+0500
жылу
құбыр
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1a/48102267_0:97:1200:772_1920x0_80_0_0_7b3652dc2adf89c7d26aeceefa9de7c9.jpg
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау жылу желісіндегі ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысып, қала әкіміне жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлады "Лада.кз".Бүгінгі таңда магистральдық желілері ажырамаған, бірақ тұрғын үйлер маңындағы жылу тарату желілерінде 35 ақау анықталып, оларды жою жұмыстары жалғасуда.Қазір қаладағы 1500 тұрғын үйдің 34-інде ғана жылу жоқ және 21 учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде."Жөндеу жұмыстарына Жаңаөзен қаласынан 8 бригада, Ақтау әкімдігінен 27 адам және "Қаспий жылу, су арнасы" мекемесінен 11 бригада жұмылдырылды. Барлығы 110 адам мен 49 техника жұмыс жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай коммуналдық сала қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, дүмпулерді тез арада жою керектігін айтты.Жалпы, биыл алғаш рет Ақтау магистральдық жылу желісінің 50 жылдан бері жөндеу көрмеген 11,3 шақырым құбыры жаңартылды. Мақсат – тозығы жеткен инженерлік желілерді ауыстырып, қала халқын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету.
https://sputnik.kz/20241022/zhenis-qasymbek-prezidentke-elordada-zhylu-quaty-artygymen-ondirile-bastaganyn-aytty-48006155.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/1a/48102267_22:0:1179:868_1920x0_80_0_0_3a9e19de05e7cb455f76c16b9a2f5b79.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу, құбыр
Ақтауда 50 жылдан бері жөндеу көрмеген магистральдық жылу құбыры жаңартылды
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай коммуналдық сала қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, дүмпулерді тез арада жою керектігін айтты
АСТАНА, 26 қазан - Sputnik. Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау жылу желісіндегі ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысып, қала әкіміне жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлады "
Лада.кз".
Бүгінгі таңда магистральдық желілері ажырамаған, бірақ тұрғын үйлер маңындағы жылу тарату желілерінде 35 ақау анықталып, оларды жою жұмыстары жалғасуда.
Қазір қаладағы 1500 тұрғын үйдің 34-інде ғана жылу жоқ және 21 учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
"Жөндеу жұмыстарына Жаңаөзен қаласынан 8 бригада, Ақтау әкімдігінен 27 адам және "Қаспий жылу, су арнасы" мекемесінен 11 бригада жұмылдырылды. Барлығы 110 адам мен 49 техника жұмыс жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай коммуналдық сала қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, дүмпулерді тез арада жою керектігін айтты.
Жалпы, биыл алғаш рет Ақтау магистральдық жылу желісінің 50 жылдан бері жөндеу көрмеген 11,3 шақырым құбыры жаңартылды. Мақсат – тозығы жеткен инженерлік желілерді ауыстырып, қала халқын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету.