Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинаның Ресейге жасаған соққыларына қатысты ұстанымын танытты

© AP Photo / Manuel Balce CenetaДжон Кирби
Джон Кирби - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2024
Жазылу
Шенеунік АҚШ президенті Джо Байденнің өткен аптада Германияға сапары кезінде төрттік елдерінің басшыларымен кездесіп, Украинаны қолдау бойынша күш-жігерді үйлестіру жөнінде келіссөздерді жалғастырғанын айтты
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джон Кирби жұма күні АҚШ-тың Украина қарулы күштерінің Ресей ішіндегі нысанаға ұзақ қашықтықтан соққы беруіне қатысты саясаты өзгеріссіз екенін растады, деп хабарлады РИА Новости.
Оның айтуынша, Ұлыбритания, Германия және Францияны қоса алғанда, АҚШ одақтастарымен кеңесіп, Украинаның ұрыс алаңындағы қажеттіліктерін талқылауды жалғастыруда, бірақ бұл тұрғыда саясатта әзірге өзгерістер қарастырылмаған.
"АҚШ көзқарасы бойынша, Ресей территориясына тереңдетіп соққы беру үшін үлкен қашықтыққа арналған қару қолдану саясатында ешқандай өзгеріс жоқ", - деді АҚШ әкімшілігінің ресми өкілі.
Шенеунік АҚШ президенті Джо Байденнің өткен аптада Германияға сапары кезінде төрттік елдерінің басшыларымен кездесіп, Украинаны қолдау бойынша күш-жігерді үйлестіру жөнінде келіссөздерді жалғастырғанын айтты.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерген болатын. Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатып, келіссөздерге дайын екенін жариялайды.
Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартқанын және демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға тиіс деп айтты. Ресей басшысы Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың жойылуын да тілге тиек етті.
Украина қарулы күштерінің Курск аймағына шабуылынан кейін Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп атады. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кейінірек Путин бұрын мәлімдеген ұсыныстары күшін жоймағанын, бірақ қазіргі уақыттағы жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін айтты.
Село у линии соприкосновения на Артемовском направлении - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ Украинаға броньдалған техниканы қорғау жүйелерін жеткізуге келісімшарт жасады
Жаңалықтар
0