Жетісу облысында 70 отбасы баспаналы болды - фото
12:38 25.10.2024 (жаңартылды: 12:40 25.10.2024)
© Жетісу облысының әкімдігіЖетісу облысының ауылдарында Республика күніне орай 5 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылып, 70 отбасы баспаналы болды
Жазылу
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Жетісу облысының ауылдарында Республика күні қарсаңында 5 жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Олардың ішінде дәрігерлік амбулатория, ауылдық клуб, ауылдық әкімдік, саябақ және басқа да объектілер бар, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
© Жетісу облысының әкімдігіЖетісу облысының ауылдарында Республика күніне орай 5 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылып, 70 отбасы баспаналы болды
Жетісу облысының ауылдарында Республика күніне орай 5 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылып, 70 отбасы баспаналы болды
Мәселен, мереке қарсаңында Ескелді ауданында 2 бірдей нысан пайданалуға берілді. Атап айтқанда, Жалғызағаш ауылында жаңа блокты-модульді ауылдық мәдениет клубы ашылса, Қаратал ауылында блокты-модульді ауылдық әкімдік пайдалануға берілді.
Сол сияқты дәрігерлік амбулаториялар Текелі қаласында және күрделі жөндеуден кейін Көксу ауданының Мұқыры ауылында қолданысқа берілді.
© Жетісу облысының әкімдігіЖетісу облысының ауылдарында Республика күніне орай 5 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылып, 70 отбасы баспаналы болды
Жетісу облысының ауылдарында Республика күніне орай 5 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылып, 70 отбасы баспаналы болды
"Мұқыры ауылдан туып-өстім. Ата-анам да осы ауылдың тумасы. Ертеректе бұл ауылда медпункт болған, сосын фельдшерлік-акушерлік пункт салынды, кейін сексенінші жылдары дәрігерлік амбулатория тұрғызылды. Соңғы жылдарда ғимараттың іші суық, жөндеуді қажет ететін. Мереке қарсаңында жаңарып, жаңғыртылған нысанды қолданысқа беріп отыр. Қан қысымы жоғары болғандықтан амбулаторияда есепте тұрамын. Дәрігерлеріміз білікті, есептегі пациент ретінде дәрілерімізді тегін, уақытылы алып тұрамыз", - дейді мұқырылық тұрғын Жұмаділ Жолдыбаев.
© Жетісу облысының әкімдігіЖетісу облысының ауылдарында Республика күніне орай 5 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылып, 70 отбасы баспаналы болды
Жетісу облысының ауылдарында Республика күніне орай 5 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылып, 70 отбасы баспаналы болды
Атап өтсек, Мұқыры ауылында 3,5 мың адам тұрады, сондықтан мұндағы медициналық нысанды жаңартып, қызмет көрсету сапасын арттырудың маңызы зор. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртумен қатар кадрлық мәселелер де шешімін табуда.
"Медициналық жоғары оқу орнын бітіргеніме бір жол болды. Ауылға жұмыс істеуге келдім, оған еш өкінбеймін. Адамдарға барынша кәсіби көмектесуге тырысамын. Бұл жаңарған амбулаторияда сапалы медициналық қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалған, барлық қажетті құрал-жабдықтар бар. Ауылдастарыма дәрігерлік көмегім тиетініне қуаныштымын", - дейді жас маман, жалпы тәжірибе дәрігері Арайлым Шаханбекова.
Сонымен қатар мереке қарсаңында Қаратал, Көксу, Панфилов аудандарында жалпы саны 70 отбасы жеке үйлерге ие болды. Атап айтқанда, Көксу ауданы Жарлыөзек және Балпық би ауылдарында 17 үйдің, Қаратал ауданы Үштөбе қаласында 23 үйдің, Панфилов ауданының Жаркент қаласында екі пәтерлі 15 үйдің кілті тапсырылды.
© Жетісу облысының әкімдігіЖетісу облысының ауылдарында Республика күніне орай 5 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылып, 70 отбасы баспаналы болды
Жетісу облысының ауылдарында Республика күніне орай 5 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылып, 70 отбасы баспаналы болды
"Көп балалы ретінде кезекте тұрғанмын. Биыл кезегіміз келіп, үйлі болып жатырмыз. Бес балам бар, үлкені он жаста, кішісі бір жарым жаста. Күйеуім Кербұлақ ауданындағы цемент зауытында жұмыс істейді. Өзім бала күтімімен үйде отырмын. Балалармен пәтерден пәтерге көшіп жүру қаржылық жағынан да, моральдық жағынан қиын болды. Енді үйлі болып, қоныстой қуанышына жеттік. Үйіміз ұнады, кең, жарық, жылы, балаларымның несібесі ғой", - дейді жаңа қоныс иесі, Жарлыөзек ауылының тұрғыны Руқия Райым.