ҰҚК жалған құжатпен шекарадан өтпек болған шетелдікті ұстады

© Sputnik / Владислав ВодневПаспорт гражданина Казахстана
Паспорт гражданина Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2024
Жазылу
Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді
АСТАНА, 24 қазан - Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстанның жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтпек болған шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.
2024 жылдың басынан шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды.
ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.
Жаңалықтар
0