Қазақстанның бірнеше өңірінде электр энергиясының тарифі қымбаттайды

© Sputnik / Марина Лысцева / Медиабанкке өтуЛампы
Лампы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қазақстанның бірнеше өңірінде электр қуатының шекті тарифтері көтеріледі.
Энергетика министрі 2024 жылдың 21 қазанында электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды. Құжат 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енеді.
Бұйрық бойынша электр энергиясының шекті тарифтері өседі:
1-топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге дейін;
2-топ (Еуразиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
9-топ ("Астана-Энергия" АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
12-топ ("Қазақстан алюминийі" АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
18-топ ("Степногорск ЖЭО" ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
28-топ ("Жаңажол ГЖЭС" ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
39-топ ("З-Энергоорталық" АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
48-топ ("Қазхром" ТҰҚ" АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.
Сондай-ақ электр энергиясының келесі тарифтері бекітілді:
56-топқа бір кВт/сағ үшін 43,92 теңге тариф;
57-топқа бір кВт/сағ үшін 56,63 теңге тариф;
58-топқа бір кВт/сағ үшін 26,08 теңге тариф;
59-топқа бір кВт/сағ үшін 22,56 теңге тариф;
60-топқа бір кВт/сағ үшін 3,07 теңге тариф.
Жаңалықтар
0