Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украинаға қатысты бейбітшілік жоспарын қолдайды – Тоқаев

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил с речью на проходящем в Казани пленарном заседании БРИКС
Касым-Жомарт Токаев выступил с речью на проходящем в Казани пленарном заседании БРИКС  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы БРИКС саммитінде сөз сөйледі.
Тоқаев БРИКС халықаралық тартылыстың жаһандық орталығына айналғанын айтып, өзара тиімді ынтымақтастыққа ұмтылатын көптеген мемлекет ұйымға қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді.
"БРИКС даму үшін орасан зор әлеуетке ие және әртүрлі құрылықтағы мемлекеттерді біріктіреді, ынтымақтастықты нығайтады және ұйым мүшелерінің игілігі үшін бірлескен мүмкіндіктерді тиімді пайдаланады. БРИКС-тің ортақ гүлдену, өзара құрмет пен серіктестік қағидаттарына негізделген болашақ құру үшін ресурстары да, тәжірибесі де бар. БРИКС-ке мүше әрбір мемлекетпен шынайы достық қарым-қатынаста болуымыз Қазақстан үшін өте маңызды", - деді Тоқаев.
Ол өз сөзінде Қазақстан Ресейдің, Қытай мен Бразилияның көзқарасын қолдайтынын айтты.
"Біз Ресейдің өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту арқылы геосаяси шиеленісті азайтуға бағытталған Еуразияда тең және бөлінбейтін қауіпсіздікті құру тұжырымдамасын жоғары бағалаймыз. Қазақстан халықаралық тұрақтылықты сақтауға, егемендікті қорғауға, көпжақты тәсілдерді қолдануға және жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге бағытталған жаһандық қауіпсіздік саласындағы Қытай бастамасын қолдайды. Қазақстан Қытай мен Бразилияның Украинаға қатысты бейбітшілік жоспарын қолдайды. Біздің еліміз көптеген құрбандар мен гуманитарлық апатқа әкелген Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты БРИКС-ке мүше мемлекеттердің алаңдаушылығын құптайды", - деді Тоқаев.
Ол осы мәселеде кедейлік, теңсіздік және білімнің жетіспеушілігі сияқты қақтығыстардың түпкі себептерін бірлесіп жою халықаралық саяси ынтымақтастықты нығайтудың негізгі факторы болып қала беретінін айтты.
Сонымен қатар Тоқаев Африка, Латын Америкасы және Азия елдерін қосу арқылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін құрамын реформалау және кеңеейту идеясын да қолдады.
"Қазақстан БРИКС-ты жалпы әлемдік дамудың қозғаушы күшінің бірі ретінде қарастырады. Қазақстанның бірлестік елдерімен саудасы қарқын алғанын айтқым келеді. Бұл 2023 жылы біздегі сыртқы сауда айнламының жартысына жуықтады. Біз БРИКС елдерімен сауда және инвестиция, ІТ-технология, минералдар, азық-түлік қауіпсіздігі және білім мен туризм салалары бойынша өзара тиімді серіктестік орнатуды көздейміз", - деді Тоқаев.
Жаңалықтар
0