Қазақ тіліндегі құжаттарда қателік болмауға тиіс – Мәулен Әшімбаев

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Өзбекстанның экология саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді талқылау барысында қазақ тіліндегі құжаттарда қателік болмауға тиіс екенін айтты.
Сенаттың баспасөз қызметінің мәліметінше отырыс кезінде аталған құжаттың қазақ тіліндегі мәтінінде қателіктер кеткені белгілі болды. Сенат төрағасы мұндай олқылыққа жол беруге болмайтынын баса айтты.
"Қазақ тіліндегі құжаттарда қателердің кездесуі бүгін пайда болған мәселе емес. Бұл проблеманы депутаттарымыз да үнемі көтеріп жүреді. Сол себепті қазіргі таңда қазақ тіліндегі мәтіннен қате жіберіп, оны қайта түзету орынсыз", – деді палата спикері.
Сондай-ақ ол қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесі нығайып, осы салада кәсіби мамандардың қатары артқанына назар аударды. Сондықтан сенат төрағасы бұл салада тиісті мамандармен жұмысты күшейту керек екенін айтты.
"Түрлі терминдермен жұмыс істейтін, қалыптасқан мамандар жеткілікті. Сол себепті құжаттарда қазақ тіліндегі мәтінде қателік болмауға тиіс. Ал халықаралық келісімдерде бұған мүлдем жол беруге болмайды. Сондықтан тиісті ведомство осы мәселеден қорытынды шығарып, кәсіби мамандармен жұмыс істеуге тиіс. Алдағы уақытта мұндай олқылық қайталанбайды деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.
Жаңалықтар
0