Мемлекет басшысы БРИКС саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді

© пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев и Владимир Путин на саммите БРИКС
Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин на саммите БРИКС - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2024
Жазылу
Қазанда 22-24 қазан аралығында БРИКС саммиті өтіп жатыр
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы БРИКС саммиті өтіп жатқан "Қазан Экспо" халықаралық көрме орталығына барды, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаевты БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан "Қазан Экспо" халықаралық көрме орталығында Ресей президенті Владимир Путин қарсы алды.
Мемлекет басшысы БРИКС-тің XVI саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді
"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің XVI саммиті аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен, Лаос Президенті Тхонглун Сисулитпен, Конго Президенті Дени Сассу-Нгессомен және Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесіп, аз-кем әңгімелесті", - делінген Ақорда хабарламасында.
Бқған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған еді.
Сапар аясында Қазақстан Президенті екіжақты кездесулер өткізіп, БРИКС-тің "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырысында сөз сөйлейді.
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Казань - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2024
Тоқаев Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды
Жаңалықтар
0