Астанадағы LRT желісінде жүргізушісіз пойыздар іске қосылады
12:17 24.10.2024 (жаңартылды: 12:20 24.10.2024)
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Олжас Бектенов проверил темпы строительства LRT в Астане
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Жазылу
"City Transportation Systems" ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, 2025 жылдың соңына қарай LRT іске қосылады
АЛМАТЫ, 24 қыркүйек - Sputnik. Премьер-министрі Олжас Бектенов елордада LRT жобасының барысын тексерді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда LRT эстакадасының арқалықтарын төсеу кезеңі аяқталды. Cтансалардың негізгі темірбетон конструкциялары құрылысын биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Келесі жылы рельстер төселіп, стансаларды әрлеу және жылжымалы құрамдарды жеткізетін депо құрылысы жүргізіледі, Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесі бойындағы эстакадалық бөлік абаттандырылады.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Олжас Бектенов проверил темпы строительства LRT в Астане
Олжас Бектенов проверил темпы строительства LRT в Астане
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Жалпы ұзындығы 22,4 км болатын LRT құрамына 18 станса кіреді. 652 адам сыятын 19 жылжымалы құрам іске қосылады. Қозғалыс аралығы 4-5 минут болады. Бастапқы кезеңде тәулігіне 25 мың адам жолаушылайды, ал жолаушылар ағыны ең жоғары уақытта тәулігіне 92 мың адамға жетуі мүмкін. Төлем жүйесі көлік картасын валидациялау немесе QR-код арқылы жасалады.
Станса аумағында премьер-министр құрылыс барысында қолданылатын технологиялық шешімдермен танысты.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Олжас Бектенов проверил темпы строительства LRT в Астане
Олжас Бектенов проверил темпы строительства LRT в Астане
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Жобаны іске асыруға China Construction Sixth Bureau, Yunnan Construction and Investment Holding Group Co., Longjian Road and Bridge Co., Tianjin Rail Transit Group Co., CRRC Tangshan Co LTD. сияқты жоғары стандарттарды сақтауымен танымал қытайлық жетекші компаниялар тартылған. Сондай-ақ CRSCInternational, CASCO, HUAWEI Smart Transport BU компаниялары көлік жүйесінің қауіпсіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етуетін дабыл және автоматтандыру жүйелерін реттеуге қатысады.
China Railway Asia-EuropeConstruction Investment қосалқы мердігер компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэй инновациялық технологиялар қолданылып жатқанын баяндады. Жоба аяқталғаннан кейін жеңіл рельсті желі бойымен жүргізушісіз пойыздар іске қосылады.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Олжас Бектенов проверил темпы строительства LRT в Астане
Олжас Бектенов проверил темпы строительства LRT в Астане
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
"City Transportation Systems" ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, 2025 жылдың соңына қарай LRT іске қосылады.
Олжас Бектенов жобаның сапасы мен іске асырылу мерзімдерін бақылауды күшейту керек деді.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Олжас Бектенов проверил темпы строительства LRT в Астане
Олжас Бектенов проверил темпы строительства LRT в Астане
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
"Құрылыс жұмыстарын бәсеңдетпеу маңызды. Жоба ең жоғары деңгейде жүзеге асырылуы керек. Әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар тарапынан бақылау күшейтілуі тиіс. Нәтижеге жұмыс істейтін боламыз", — деді премьер-министр.