Елорда тынысы

Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болады

© Sputnik / Владислав ВодневСалют в столице в четь Дня Республики
Салют в столице в четь Дня Республики - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2024
Жазылу
Мерекелік отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Астанада Республика күніне арналған мерекелік отшашу ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Республика күніне арналған мерекелік отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.
Отшашу 25 қазан күні сағат 21:00-де Триатлон саябағында (Пирс ауданы) өтеді.
Айта кетейік, осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара, соның ішінде мерекелік концерт, көрме, дөңгелек үстел, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шара өткізу жоспарланған.
Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын алаптардың аумақтарында, білім беру ұйымдарында және т. б. орындарда өтеді.
Шоу дронов в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2024
Алматыда Республика күніне орай дрондар шоуы өтеді
Жаңалықтар
0