Алматы прокурорлары 16 Telegram арнаны бұғаттады

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуМессенджер Telegram
Мессенджер Telegram  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2024
Жазылу
Бұғатталған Telegram-арналарда есірткі құралдары жарнамаланып, таратылған
АСТАНА, 24 қазан - Sputnik. Алматы қаласының прокурорлары есірткі таратқан телеграм-арналарды бұғаттады, деп хабарлайды қадағалай органының баспасөз қызметі.
"Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамаланып, таратылатын 16 телеграм-арнаны бұғаттады. Тексеру барысында қатысушыларға тыйымсалынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар"закладчик" жұмысы ұсынылғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, олардың қызметі тоқтатылды.
Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (есірткіқұралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау), одан әрі тергеу үшін полицияға жолдады.
Жаңалықтар
0