Әділ әлемдік тәртіпке көшу оңай болмай жатыр – Путин

© Фотохост-агентство brics-russia2024.ru / Медиабанкке өтуXVI саммит БРИКС. Пленарное заседание XVI саммита БРИКС в формате "аутрич" / "БРИКС плюс"
XVI саммит БРИКС. Пленарное заседание XVI саммита БРИКС  в формате аутрич / БРИКС плюс - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2024
Жазылу
22-24 қазан аралығында Қазан қаласында БРИКС саммиті өтіп жатыр
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазандағы БРИКС саммитінде сөйлеген сөзінде қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатысты бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлады РИА Новости.
Ол ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде алдағы уақытта да негізгі рөл атқара беретінін айтты.
"Әлемдік ұйым бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда, тұрақты және үдемелі өсуді ілгерілетуде негізгі рөл атқаруды жалғастырады", - деді Путин отырыста.
Сонымен қатар ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Африка, Азия және Латын Америкасы елдерімен толықтыру қажет екенін айтты.
"Біз БҰҰ-ның одан әрі тиімді жұмыс істеуі үшін оның құрылымын ХХІ ғасыр шындығына бейімдеуді, Қауіпсіздік кеңесінде және басқа да негізгі органдарындағы өкілдіктерін Азия, Африка және Латын Америкасы елдерімен кеңейтуді маңызды деп санаймыз", - деді Путин БРИКС XVI саммитінде.
Ресей президенті Таяу Шығыстағы жағдай саммиттегі талқыланатын негізгі тақырыптардың бірі болатынын айтып, бұл жағдай әлем елдерін, соның ішінде БРИКС-ке мүше мемлекеттердің алаңдаушылығын тудырып отырғанын мәлімдеді. Ол осы орайда Таяу Шығыс мәселесін толығымен шешу үшін жан-жақты саяси процесті бастау шұғыл міндет екенін айтты.
"Біз әрқашан Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға өзіміздің елеулі үлесімізді қосуға тырыстық. Сондықтан, шиеленіс басалғаннан бері БРИКС мүшелерімен бірге басқа серіктестермен бірлесіп жанжалды шешуге күш салуға белсенді түрде ат салыстық", - деді Путин.
Ол бұл қиынға соқтырып жатқанын айтты.
"Әділ әлемдік тәртіпке көшу оңай болмай жатыр. Оның қалыптасуына барлық нәрсеге үстемдік ету логикасы бойынша қарайтын және әрекет ететін күштер кедергі жасайды. Әлемге таңылған бұл ережелер негізінде дамып келе жатқан бәсекелестерді және Африка, Азия және Латын Америкасындағы елдердің тәуелсіз, бақыланбайтын дамуын тежеу әрекеттері бар", - деді Путин БРИКС саммитінде
22-24 қазан аралығында Қазан қаласында БРИКС саммиті өтіп жатыр. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұйымға Ресей төрағалық етіп отыр. Сондықтан саммит Қазан қаласында ұйымдастырылды. Жалпы Ресейдің БРИКС-ке төрағалығы "тең жаһандық даму мен қауіпсіздік үшін көпжақтылықты нығайту" ұранымен өтіп жатыр.
БРИКС – 2006 жылы құрылған мемлекетаралық бірлестік, оған 2011 жылы Ресей, Қытай, Үндістан және Бразилия қосылды. 2024 жылдың басынан Мысыр, Эфиопия, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясы мүше болды.
16-й саммит БРИКС в Казани: день 3 - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2024
Видео
Қазандағы 16-шы БРИКС саммиті – тікелей эфир
Жаңалықтар
0