Жамбыл облысында қант қызылшасын өңдеу жағынан проблема болмай ма - Қарашөкеев жауап берді

© Photo : пресс- служба акимата Алматинской областиСахарный тростник из стран Латинской Америки начали поставлять на завод в Алматинской области
Сахарный тростник из стран Латинской Америки начали поставлять на завод в Алматинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев биылғы рекордтық өнімді өңдеу жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл қант қызылшасының рекордтық көлемі жиналады. Әсіресе, Жамбыл облысында өнім көп шықты. Ол жақта бір гектардан 700 центнер қызылша жиналып жатыр. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, биыл өңірде 600 мың тоннадан астам қант қызылшасы шығады.

“Соның 450 мың тоннасын Меркі қант зауыты қабылдайтын болады. Осы зауытпен келісілген кестеге сәйкес, өнімді қабылдау жұмыстары 13 қыркүйекте басталып, бүгінге дейін 166 мың тонна қант қызылшасы өткізілді. Қалған 100-150 мың тоннасы Ақсу қант зауытында өңделеді ”,- деді Қарашөкеев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бүгінде шаруалар Ақсу қант зауытына 14,6 мың тонна өнімді өткізіп үлгерді.
Бүгінде жергілікті бюджеттен зауыттарға субсидиялар да бөлінеді. Биыл облыста 600 мың тонна қант қызылшасын өңдеу үшін 16 млрд теңге көлемінде субсидия қарастырылған.
Сахарные заводы в Жамбылской области работают на полную мощность - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2024
"Зауыттарға жеткізуде қиындықтар бар": қант қызылшасын өндіретіндер назын айтты
Жаңалықтар
0