Шымкенте бұрынғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды

© PhotoВиды города Шымкент
Виды города Шымкент - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Достық шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының аумағында Экопарк құрылысы басталды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен мұнда ауданы 45 гектар жасыл аймақ құрылады, оның 38,6 гектары көгалдандыруға бөлінеді. Құрылысқа табиғи материалдар пайдаланылады. Табиғи ландшафтқа сәйкес келетін велосипед жолдары салынады.
Ал көмірқышқыл газын шығаратын құбырлар қолайлы етіп жүргізіледі.
Экопарк ойын алаңдарынан спорт нысандарына дейін 9 ашық демалыс аймағы ұсынылады. 10 шақырымдық серуендеу жолында 4000-нан астам жапырақты ағаштар отырғызылып, табиғи оазис атмосферасы құрылады.
Қалдықтардың үстіне органикалық тыңайтқыштармен байытылған қалыңдығы 1,5 метр топырақ қабаты салынады.
Новая подстанция Орталык в Туркестанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2024
Шымкентте қосалқы электр станциясының құрылысы 5 жылдан бері бітпей тұр
Жаңалықтар
0