https://sputnik.kz/20241023/kim-koringennen-soz-estigim-kelmeydi-taksimen-zhii-zhuretin-zayytov-zan-zhobasyna-shuylikti-48035707.html
"Кім көрінгеннен сөз естігім келмейді": таксимен жиі жүретін Зайытов заң жобасына шүйлікті
"Кім көрінгеннен сөз естігім келмейді": таксимен жиі жүретін Зайытов заң жобасына шүйлікті
Sputnik Қазақстан
Мәжілісте такси қызметіне қатысты заң жобасы талқыланып жатыр 23.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-23T16:09+0500
2024-10-23T16:09+0500
2024-10-23T16:16+0500
такси
такси жүргізушісі
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0d/33888372_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_3b3604980560f9477d1743882e43f5d4.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Бүгін мәжілісте қаралған заң жобасы кезінде такси қызметіне қатысты мәселесі көтерілді. Сол кезде депутат Ринат Зайытов министрдің жауапкершілікті өз мойына алуды талап етті. Ал мәжіліс спикері айтыскер депутатты сөзбен түйреп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заң жобасы бойынша такси қызметі өзін-өзі реттеу ұйымдарына, атап айтқанда, автотасымалдаушылар қауымдастығына қарайтын болады. Такси агрегаторлары да ұйым құрамына кіріп, ай сайын жарна төлейді. Осы орайда депутат Ринат ЗайытовКөлік министрі Марат Қарабаев жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, такси жүргізушілері өзін-өзі ретейтін ұйымға мүше болса, олардың құқықтары қорғалады."Ең бастысы, біздің қарапайым жүргізушілеріміз өздерінің құқықтарын қорғайтын талаптарды қоя алады және соны талап ете алады", - деп атап көрсетті Қарабаев.Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов жауапкершілікті алу үшін таксимен жүру керек екенін баса айтты."Зайытов мырза да таксимен жүре ме?" - деп сұрады Қошанов.Депутат Ринат Зайытов таксимен жиі жүретінін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0d/33888372_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_4b7e6428cbd23f8044b18ccf2f30a75f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси, такси жүргізушісі
"Кім көрінгеннен сөз естігім келмейді": таксимен жиі жүретін Зайытов заң жобасына шүйлікті
16:09 23.10.2024 (жаңартылды: 16:16 23.10.2024) Мәжілісте такси қызметіне қатысты заң жобасы талқыланып жатыр
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Бүгін мәжілісте қаралған заң жобасы кезінде такси қызметіне қатысты мәселесі көтерілді. Сол кезде депутат Ринат Зайытов министрдің жауапкершілікті өз мойына алуды талап етті. Ал мәжіліс спикері айтыскер депутатты сөзбен түйреп алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасы бойынша такси қызметі өзін-өзі реттеу ұйымдарына, атап айтқанда, автотасымалдаушылар қауымдастығына қарайтын болады. Такси агрегаторлары да ұйым құрамына кіріп, ай сайын жарна төлейді. Осы орайда депутат Ринат Зайытов
"Бізде кәсіпкерлердің мүддесін қорғайды деген екі ұйым бар. Жолаушылар тасымалы да кәсіпкерлік қой. Неге солар (ұлттық кәсіпкерлер палатасы -Sputnik) басқара салмайды? Әйтеуір бәріне бір-бір қожайын тауып береміз. Осыншама таксистерді "отарлаудың" қажеті қанша? Олар өзі шулы қауым, ертең дүрлігетін болса қайтпекпіз? Біз енді таксимен жиі жүретін адам болғандықтан, жаман сөз естігім келмейді. Дүрлігетін болса, өзіңіз жауапкершілікті мойныңызға аласыз ба?", - деді Зайытов.
Көлік министрі Марат Қарабаев жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, такси жүргізушілері өзін-өзі ретейтін ұйымға мүше болса, олардың құқықтары қорғалады.
"Ең бастысы, біздің қарапайым жүргізушілеріміз өздерінің құқықтарын қорғайтын талаптарды қоя алады және соны талап ете алады", - деп атап көрсетті Қарабаев.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов жауапкершілікті алу үшін таксимен жүру керек екенін баса айтты.
"Зайытов мырза да таксимен жүре ме?" - деп сұрады Қошанов.
Депутат Ринат Зайытов таксимен жиі жүретінін айтты.