Атырауда 5 күн бұрын жоғалған қыз өлі күйде табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2024
Жазылу
Бойжеткен үйден шығып, қайтып оралмаған
АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. 23 жастағы Атырау тұрғыны 18 қазанда жоғалып кеткен, деп хабарлады "Мой город" порталы.
Бойжеткен сағат 22.00 шамасында "Авангард" ықшам ауданындағы №11 үйден шығып, қайтып оралмаған.
"Бүгін 23 қазанда қыздың қайтыс болғаны белгілі болды. Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 және 25 жастағы екі адам ұсталды", - делінген басылым хабарламасында.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар Қылмыстық кодекстің екі бабы – адам ұрлау және кісі өлтіру бойынша күдікке ілінді.
Тәртіп сақшылары бірқатар тергеу әрекетін бастады. Тергеу мүддесі үшін полиция басқа мәліметтерді жарияламады.
Жаңалықтар
0