Қазанда XVI БРИКС саммиті ашылды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өту"Дворец земледельцев" в Казани, виды города
Дворец земледельцев в Казани, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Қазанда БРИКС саммиті басталды. Ол 22-24 қазан аралығында өтеді.

Саммит шараларына 30-дан астам мемлекет қатысатынын растады.
Олар жаһандық және аймақтық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылайды, сондай-ақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасады.
Бағдарламаның негізгі тармақтары БРИКС саммитінің сайтында жарияланды.
22 қазан – бейресми түскі асқа келген БРИКС XVI саммитінің делегация басшыларының кездесу салтанаты.
23 қазан – шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулер. Сондай-ақ, XVI БРИКС саммитіне қатысатын делегация басшыларын ресми қарсы алу және қабылдау рәсімі өтеді.
24 қазан – "аутрич"/"БРИКС плюс" форматындағы XVI БРИКС саммитінің бірінші пленарлық отырысы.
XVI БРИКС Саммитінің "аутрич"/"БРИКС плюс" форматындағы екінші пленарлық отырысы (жұмыс таңғы ас форматында), Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің баспасөз мәслихаты.
БРИКС – 2006 жылы құрылған мемлекетаралық бірлестік. Ресей 2024 жылы БРИКС-ке төрағалық етуде.
Жаңалықтар
0