Қарағанды облысында депутат ауыл тұрғынына қару кезенді

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2024
Жазылу
Полиция күдіктіні ұстады. Ол аудандық мәслихаттың 38 жастағы депутаты болып шықты
АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Қарағанды облысы Нұра ауданының Ахметауыл кентінде депутат тұрғынға қару кезенді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиға 21 қазанда болған. Депутат мас күйде 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан.
"Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол аудандық мәслихаттың 38 жастағы депутаты болып шықты. Оған қатысты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік материал жасалды және сот шешімі бойынша ол 15 тәулікке қамауға алынды", - дейді ведомство.
Сонымен қатар "қауіп" және "атыс қаруын заңсыз алып жүру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жәбірленушінің барлық дәлелі мұқият тексерілуде.
Қылмыстық іс Қарағанды облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында, дейді департамент.
Жаңалықтар
0