Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім өзгерді

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуМолоток судьи суд приговор
Молоток судьи суд приговор - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2024
Жазылу
Бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Алматы қаласының соты мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы – Нұрасыл Болатқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Нұрасыл Болат Тұрлыханов көшеде ерлі-зайыптыларды ұрғаны үшін сотталған болатын. Ол екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Осы уақыт ішінде ойын-сауық орындарында баруға тыйым салынған. Пробациялық бақылау шаралары электронды білезік арқылы жүргізіледі.
Алайда Тұрлыхановтың ұлы шектеу шараларын сақтаған жоқ. Түнде караокеге барған, ал 11 қазанда "Қазақстан" қонақ үйіндегі мейрамханада видеоға түсіп қалды.
Бүгін Алматы қаласының соты Нұрасыл Болатқа пробациялық шектеулерді бұзғаны үшін үкім шығарды.
Оған сәйкес, бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Енді ол қалған 1,5 жыл жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. Депутаттың ұлы сот залында қамауға алынды.
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2024
Жоғарғы сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісін қайта қарады
Жаңалықтар
0