https://sputnik.kz/20241022/astananyn-20-dan-astam-turgyny-aldanyp-qaldy-48007380.html
Астананың 20-дан астам тұрғыны алданып қалды
Астананың 20-дан астам тұрғыны алданып қалды
Sputnik Қазақстан
Ол жәбірленушілерді қарыз сомасының 22%-ын, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% сыйақы беремін алдаған 22.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-22T22:49+0500
2024-10-22T22:49+0500
2024-10-22T22:49+0500
астана
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_512f56384a390d33e6fa1600b1dd09bb.jpg
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Астанада 20-дан астам азамат кәмелетке толмаған алаяқтан зардап шекті.Алаяқ банк қосымшасы арқылы елорда тұрғындарына ақшалай кредит ресімдеу жоспарын әзірлеген, деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.Жәбірленушілердің ақшасын трейдингтік компанияларға инвестициялайтынын айтып, несиені өзі жабуға уәде берген.Осылайша, кәмелетке толмаған алаяқ 20 жәбірленушінің 11 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын жымқырған.Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеп, оның жәбірленушілер үшін табыс табу ниеті болмағанын анықтады. Барлық ақшалай қаражатты өз қажетіне жұмсағаны сотта дәлелденді.Сот үкімімен жәбірленушілерге келтірілген залал толықтай өндіріліп, кінәлі тұлға сотталды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_fe18e064bf9eb935f2d3d8fe55246177.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Астананың 20-дан астам тұрғыны алданып қалды
Ол жәбірленушілерді қарыз сомасының 22%-ын, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% сыйақы беремін алдаған
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Астанада 20-дан астам азамат кәмелетке толмаған алаяқтан зардап шекті.
Алаяқ банк қосымшасы арқылы елорда тұрғындарына ақшалай кредит ресімдеу жоспарын әзірлеген, деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.
Жәбірленушілердің ақшасын трейдингтік компанияларға инвестициялайтынын айтып, несиені өзі жабуға уәде берген.
"Сонымен қатар жәбірленушілерді қарыз сомасының 22%-ын, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% сыйақы беремін алдаған", - деп жазылған хабарламада.
Осылайша, кәмелетке толмаған алаяқ 20 жәбірленушінің 11 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын жымқырған.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеп, оның жәбірленушілер үшін табыс табу ниеті болмағанын анықтады. Барлық ақшалай қаражатты өз қажетіне жұмсағаны сотта дәлелденді.
Сот үкімімен жәбірленушілерге келтірілген залал толықтай өндіріліп, кінәлі тұлға сотталды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.