Астанада Республика күніне арналған концерттік бағдарламалар өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневМонумент Астана-Байтерек, виды Нур-Султана
Монумент Астана-Байтерек, виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Астананың бес ауданында 25 қазан күні сағат 14:00-ден 15:30-ға дейін Республика күніне арналған мерекелік концерттер өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сонымен, концерттік бағдарламалар мына орындарда өтеді:
Алматы ауданы – "Интернациональный" тұрғын алабы;
Байқоңыр ауданы – "Өндіріс" тұрғын алабы;
Есіл Ауданы – "Бәйтерек" монументі;
Нұра ауданы – орталық саябақ;
Сарыарқа ауданы – қалалық алаң.
Бұл орындарда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар қойылады. Концерттік бағдарламаларға шығармашылық ұжымдар, Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің солистері және белгілі өнер қайраткерлері қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, Республика күніне орай Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және т.б. өткізу жоспарланған.
Іс-шаралар орталық алаңдарда да, ірі нысандарында да, тұрғын алаптардың аумақтарында да, білім беру ұйымдарында және т.б. өтеді. Сондай-ақ Республика күні қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылатын болады.
Жаңалықтар
0