https://sputnik.kz/20241021/ulybritaniyada-dostyq-ordeni-satylyp-zhatyr--adilet-ministri-pikir-bildirdi-47984212.html
Ұлыбританияда "Достық" ордені сатылып жатыр – әділет министрі пікір білдірді
Ұлыбританияда "Достық" ордені сатылып жатыр – әділет министрі пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда мемлекеттік наградаларды сатуға тыйым салынған 21.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-21T16:46+0500
2024-10-21T16:46+0500
2024-10-21T16:46+0500
достық ордені
https://sputnik.kz/img/07e8/03/0d/42860126_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a3aa7f855047579f157ff8c589546f06.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Әділет министрі Азамат Есқараев Ұлыбританияда Маргарет Тэтчерге табысталған "Достық" орденінің сатылып жатқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Орденнің фотосы интернет-дүкендердің бірінде жарияланды. Оны 12,5 мың фунт стерлингке немесе 7,9 миллион теңгеге бағалап отыр. Әділет министрі Азамат Есқараев та хабарландыруды көрген. Оның айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік наградаларды сатуға тыйым салынған. Қылмыстық кодексте тиісті жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан мемлекеттік награданы сатқан адам қылмыстық жазаға тартылады.Ал Ұлыбританияда "Достық" орденінің сатылуына байланысты тексеріс жүргізіле ме, жоқ па, оны министр сыртқы істер немесе мәдениет министрлігінінен сұрауға кеңес берді.
https://sputnik.kz/20241021/ulybritaniyada-margaret-tetcherge-tabystalgan-dostyq-ordenin-satyp-zhatyr-47972288.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/0d/42860126_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_caccfb32191d3ccef8c24e249bc35958.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
достық ордені
Ұлыбританияда "Достық" ордені сатылып жатыр – әділет министрі пікір білдірді
Қазақстанда мемлекеттік наградаларды сатуға тыйым салынған
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Әділет министрі Азамат Есқараев Ұлыбританияда Маргарет Тэтчерге табысталған "Достық" орденінің сатылып жатқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Орденнің
фотосы интернет-дүкендердің бірінде жарияланды. Оны 12,5 мың фунт стерлингке немесе 7,9 миллион теңгеге бағалап отыр. Әділет министрі Азамат Есқараев та хабарландыруды көрген. Оның айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік наградаларды сатуға тыйым салынған. Қылмыстық кодексте тиісті жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан мемлекеттік награданы сатқан адам қылмыстық жазаға тартылады.
"Ал Ұлыбританиядағы жағдай туралы айтар болсақ, біріншіден, Маргарет Тэтчердің аңызға айналған тұлға екенін ескеру керек. Ондай адамдардың жеке заттары, кітапханасы, наградалары ара-тұра аукционға шығарылуы мүмкін. Бұл – олардың мәдениетіне тән нәрсе, ұлттық ерекшеліктерінің бір көрінісі", - деді Есқараев журналистерге берген сұхбатында.
Ал Ұлыбританияда "Достық" орденінің сатылуына байланысты тексеріс жүргізіле ме, жоқ па, оны министр сыртқы істер немесе мәдениет министрлігінінен сұрауға кеңес берді.