Тұрғындар Бұқтырма көпірі арқылы Өскеменге жылдам қатынайды – Қарабаев

© Sputnik / Абзал КалиевМарат Қарабаев
Марат Қарабаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2024
Жазылу
Көпірдің маңында тұратын 120 мыңнан астам азамат бүгінде облыс орталығына тәулік бойы қатынай алады
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын автомобиль көпірінің ашылуына орай Шығыс Қазақстан облысындағы алты ауданның тұрғындары Өскеменге жылдам қатынайды. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
Жоба көлік қатынасының ұзақ жылғы мәселесін шешуге бағытталған, көпір алты ауданды: Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Қатонқарағай, Тарбағатай және Зайсанды байланыстырады.
"2019 жылы мемлекет басшысы тарихи шешім қабылдап, 2020 жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды. Көпірдің стратегиялық, әлеуметтік, туристік және транзиттік маңызы бар. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, көпірдің маңында орналасқан алты ауданның, яғни 120 мыңнан астам азамат бүгінде облыс орталығына тәулік бойы қатынай алады", – деді Марат Қарабаев.
Министр сонымен қатар ең басты мақсат көпірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты. Ол үшін екі жағынан 40-қа жуық арнайы мұзжарғыш және көпірді тәулік бойы бақылау үшін тиісті камералар толығымен орналастырылған.
Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады, өткелге дейін 18 км жаңа жол салынды.
Бұқтырма су қоймасында Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2024
Бұқтырма су қоймасында Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
Жаңалықтар
0