https://sputnik.kz/20241021/fermerler-frantsiyaga-zhylqy-etin-eksporttauga-qyzygushylyq-tanytyp-otyr-47986868.html
Фермерлер Францияға жылқы етін экспорттауға қызығушылық танытып отыр
Фермерлер Францияға жылқы етін экспорттауға қызығушылық танытып отыр
Sputnik Қазақстан
Францияда өткен Мал шаруашылығы саммиті аясында жылқы етін жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды 21.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-21T21:09+0500
2024-10-21T21:09+0500
2024-10-21T21:09+0500
франция
жылқы
ет
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18672978_0:49:3072:1777_1920x0_80_0_0_e2ec2c9dab09fde4bc450cd27f531c58.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. 2024 жылдың 8 айында Қазақстан мен Франция арасындағы АӨК өнімінің тауар айналымы 67 млн долларды құрады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогеның кездесуінде айтылды.Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы АӨК саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.Кездесу барысында ұсақ мал экспортына қойылатын ветеринариялық талаптарға өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды, Synetics және "Асыл-Түлік" АҚ жүзеге асыратын ірі қара малдың қолдан ұрықтандыру және француз тұқымының көмегімен қазақ тұқымдарын жақсарту жөніндегі бірлескен жоба қаралды.Сондай-ақ кездесуге қатысушылар Danonе компаниясының қуатын кеңейту және Limagrain компаниясының тұқым өндірісін Қазақстан аумағында оқшаулау жөніндегі жобаны іске асыру мәселесін талқылады.Жыл сайын Danone зауытында жалпы көлемі 18 мың тонна жоғары технологиялық ашытылған сүт өнімдерінің 50-ден астам атауы өндіріледі, 40%-ы Орталық Азия, Кавказ және Моңғолия елдеріне экспортқа жіберіледі. Кәсіпорын йогурт өндіру үшін тек қазақстандық фермерлердің сүтін пайдаланады.2025 жылы 730 млн теңге сомасына қосымша желі орнату жоспарлануда.Еуропалық нарыққа жылқы етін экспорттау мәселесі де маңызды тақырыптардың біріне айналды.Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында Францияда өткен Мал шаруашылығы саммиті аясында "Қайып Ата" және "Pegase BVS" компаниялары арасында жылқы етін жеткізуді ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бүгінгі таңда шаруа және фермерлік қожалықтар Францияға жылқы етін экспорттауға қызығушылық танытуда.
франция
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18672978_51:0:2782:2048_1920x0_80_0_0_fa3d2549bf204d6532ec088208d0478a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
франция, жылқы, ет
Фермерлер Францияға жылқы етін экспорттауға қызығушылық танытып отыр
Францияда өткен Мал шаруашылығы саммиті аясында жылқы етін жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. 2024 жылдың 8 айында Қазақстан мен Франция арасындағы АӨК өнімінің тауар айналымы 67 млн долларды құрады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогеның кездесуінде айтылды.
Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы АӨК саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
"2024 жылдың 8 айында елдер арасындағы АӨК өнімінің тауар айналымы 67 млн долларды құрады, оның ішінде ҚР-дан Францияға рапс тұқымдарының экспортын ұлғайту есебінен 6 есеге жуық өсті", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу барысында ұсақ мал экспортына қойылатын ветеринариялық талаптарға өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды, Synetics және "Асыл-Түлік" АҚ жүзеге асыратын ірі қара малдың қолдан ұрықтандыру және француз тұқымының көмегімен қазақ тұқымдарын жақсарту жөніндегі бірлескен жоба қаралды.
Сондай-ақ кездесуге қатысушылар Danonе компаниясының қуатын кеңейту және Limagrain компаниясының тұқым өндірісін Қазақстан аумағында оқшаулау жөніндегі жобаны іске асыру мәселесін талқылады.
Жыл сайын Danone зауытында жалпы көлемі 18 мың тонна жоғары технологиялық ашытылған сүт өнімдерінің 50-ден астам атауы өндіріледі, 40%-ы Орталық Азия, Кавказ және Моңғолия елдеріне экспортқа жіберіледі. Кәсіпорын йогурт өндіру үшін тек қазақстандық фермерлердің сүтін пайдаланады.
2025 жылы 730 млн теңге сомасына қосымша желі орнату жоспарлануда.
Еуропалық нарыққа жылқы етін экспорттау мәселесі де маңызды тақырыптардың біріне айналды.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында Францияда өткен Мал шаруашылығы саммиті аясында "Қайып Ата" және "Pegase BVS" компаниялары арасында жылқы етін жеткізуді ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бүгінгі таңда шаруа және фермерлік қожалықтар Францияға жылқы етін экспорттауға қызығушылық танытуда.