https://sputnik.kz/20241021/bilim-basqarmasy-internattagy-sapasyz-tamaq-turaly-videoga-tusinikteme-berdi-47985992.html
Білім басқармасы интернаттағы сапасыз тамақ туралы видеоға түсініктеме берді
Білім басқармасы интернаттағы сапасыз тамақ туралы видеоға түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Ведомство әлеуметтік желіде таралған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді 21.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-21T19:17+0500
2024-10-21T19:17+0500
2024-10-21T19:17+0500
тамақ
интернат
https://sputnik.kz/img/713/87/7138711_0:340:5903:3660_1920x0_80_0_0_687328398fa10adca8fd151e299bd123.jpg
АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы С.Сейфуллин атындағы интернаттың тамағына қатысты шу шықты. Оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді.Интернаттағы балаларға берілетін азық-түліктің мәзірге сай емес, әрі сапасыз екені туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада белгісіз ер адам республикадан келген тексеруші екенін айтып, аспаздардан сапасыз тамақ туралы жауап алмақ болғаны түсірілген. Оқиға 25 қыркүйекте болған."Бірінші, қоймадан шыққан шіріген алма. Балаларға қызылша сәбізі, нан палау берілу керек болған. Нан палау деген қандай тамақ? Диеталық тамақ қуырылмау керек қой. Балалар сағат 07:40-та тамақтанады дедіңіздер, біз сағат 07:40-та осында болдық, бала қай уақытта тамақтанады?", - деген ер адам ас мәзірінде көрсетілген тағамды сынаумен болды.Бейнежазбада тексеріп келген ер адам мен балаларды тамақпен қамтамасыз ететін жауапты адамның арасында телефон арқылы кикілжің болады.Оқиғаға қатысты Түркістан облыстық білім басқармасы түсініктеме берді. Бұл жағдайды шұғыл бақылауға алған.Ведомствоның мәліметінше, беймезгіл жұмыстан тыс уақытта әлеуметтік желі өкілі білім ордасына баса көктеп кіріп, видеоға түсіре бастаған."Жалпы, мектеп асханасындағы оқушыларға берілетін тамақ сапасы бойынша балалар мен ата-ана тарапынан ешқандай шағым түспеген. Жалған ақпаратты тарату бойынша заң аясында шектеулер бар екенін ескертеміз", - дейді Түркістан облыстық білім басқармасы.Айтуларынша, видеоға ер адамның республикалық тексерушімін дегені де шындыққа жанаспайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/713/87/7138711_496:0:5408:3684_1920x0_80_0_0_5a12553735ad6fedc1880e777774bb49.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тамақ, интернат
Білім басқармасы интернаттағы сапасыз тамақ туралы видеоға түсініктеме берді
Ведомство әлеуметтік желіде таралған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді
АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы С.Сейфуллин атындағы интернаттың тамағына қатысты шу шықты. Оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді.
Интернаттағы балаларға берілетін азық-түліктің мәзірге сай емес, әрі сапасыз екені туралы
видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада белгісіз ер адам республикадан келген тексеруші екенін айтып, аспаздардан сапасыз тамақ туралы жауап алмақ болғаны түсірілген. Оқиға 25 қыркүйекте болған.
"Бірінші, қоймадан шыққан шіріген алма. Балаларға қызылша сәбізі, нан палау берілу керек болған. Нан палау деген қандай тамақ? Диеталық тамақ қуырылмау керек қой. Балалар сағат 07:40-та тамақтанады дедіңіздер, біз сағат 07:40-та осында болдық, бала қай уақытта тамақтанады?", - деген ер адам ас мәзірінде көрсетілген тағамды сынаумен болды.
Бейнежазбада тексеріп келген ер адам мен балаларды тамақпен қамтамасыз ететін жауапты адамның арасында телефон арқылы кикілжің болады.
Оқиғаға қатысты Түркістан облыстық білім басқармасы түсініктеме берді. Бұл жағдайды шұғыл бақылауға алған.
"Анықтау жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік желіде таралған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Видеода көрсетілген жемістер, жарамсыз болған алмалардың сұрыпталған, бөліп іріктеп қойғаны. Оларды арнайы қоқысқа тастайды", - дейді білім басқармасы.
Ведомствоның мәліметінше, беймезгіл жұмыстан тыс уақытта әлеуметтік желі өкілі білім ордасына баса көктеп кіріп, видеоға түсіре бастаған.
"Жалпы, мектеп асханасындағы оқушыларға берілетін тамақ сапасы бойынша балалар мен ата-ана тарапынан ешқандай шағым түспеген. Жалған ақпаратты тарату бойынша заң аясында шектеулер бар екенін ескертеміз", - дейді Түркістан облыстық білім басқармасы.
Айтуларынша, видеоға ер адамның республикалық тексерушімін дегені де шындыққа жанаспайды.