Астанада "Атамекен" әнін 400 оқушы қатар тұрып шырқады

© Астана қаласының әкімдігіАстанада "Атамекен" әнін 400 оқушы қатар тұрып шырқады
Астанада Атамекен әнін 400 оқушы қатар тұрып шырқады - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Республика күніне орай ұлттық патриоттық сезімді оятатын әндер бойынша қала мектептерінде "Туған елім – Қазақстаным" атты мегачеллендж басталды. Барлық білім беру ұйымдарының оқушылары рухты көтеретін патриоттық әндерді орындайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл ретте Астанадағы №50 "Қазғарыш" мектеп-лицейінде төрт жүз оқушы Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнін орындады.
Мұндағы мақсат – жас ұрпақтың отансүйгіштік, ұлтжандылық, ел мен жерге деген құрметін арттыру.
Сондай-ақ мереке аясында бүгін білім беру ұйымдарында барлық сыныптар арасында "Республикам – мақтанышым" атты сынып сағаттары өтеді. Онда оқушылар танымал адамдармен кездеседі.
© Астана қаласының әкімдігіАстанада "Атамекен" әнін 400 оқушы қатар тұрып шырқады
Астанада Атамекен әнін 400 оқушы қатар тұрып шырқады - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2024
Астанада "Атамекен" әнін 400 оқушы қатар тұрып шырқады
"Республика күні – біздің басты ұлттық мерекеміздің бірі. Бұл біз үшін айрықша мағынаға ие. Астана қаласы Білім басқармасы мереке аясында білім беру ұйымдарында ауқымды іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Басты мақсат – оқушылардың бойындағы отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерін ояту", - деді Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз хатшысы Аяжан Амантайқызы.
Баспасөз хатшысының айтуынша, аталған челлендж 24 қазанға дейін жалғасады және барлық мектептерді қамтиды.
Айта кетейік, 25 қазан күні елімізде Ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара өткізіледі. Олардың арасында мерекелік концерттер, көрмелер, балаларға арналған көрнекті нысандар бойынша экскурсиялар, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шаралар бар.
Жаңалықтар
0