Жүлде қоры 1 млн доллар: Алматыда теннис турнирінің жеңімпаздары анықталды

Теннис
Теннис - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Алматыда АТР 250 Almaty Open сериясындағы теннис турнирінің ерлер арасындағы жұптық сын жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Турнир Қазақстан теннис федерациясының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Онда әлемдік рейтингтің үздік отыздығына кіретін теннисшілер бақ сынасты.
Үндістаннан келген Арджуна Кадхе мен Ритвика Боллипалли ерлер арасындағы жұптық санатта жеңіске жетті.
Ақтық сайыста олар колумбиялық Николас Баррьентос пен тунистік Скандер Мансуриден басым түсті.
Айта кетері, қала әкімдігі турнир кезінде жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін Almaty Arena спорт кешеніне дейін және кері бағытта тегін автобустар ұйымдастырды.
ATP 250 Almaty Open турнирінің жүлде қоры 1 миллион доллардан асады.
Үстел теннисі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2024
Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды
Жаңалықтар
0