https://sputnik.kz/20241020/rada-deputaty-mobilizatsiya-zhasyn-tomendetudi-usyndy-47965974.html
Рада депутаты мобилизация жасын төмендетуді ұсынды
Рада депутаты мобилизация жасын төмендетуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Украина парламентінің депутаты Роман Костенко мобилизация жасын төмендетуді ұсынды, оның пікірінше, егер адам 21 жасында Жоғарғы... 20.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-20T16:53+0500
2024-10-20T16:53+0500
2024-10-20T16:55+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/old/617/86/6178633_0:38:600:376_1920x0_80_0_0_3c08d4f66c88eff15d0534c0cf6f131f.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Украина парламентінің депутаты Роман Костенко мобилизация жасын төмендетуді ұсынды, оның пікірінше, егер адам 21 жасында Жоғарғы Раданың депутаты бола алса, онда ол 20 жасында міндетті түрде қызметке шақырылуы керек.Жұма күні Украина Қорғаныс министрлігінің басшысы Рүстем Умеров АҚШ Украина билігімен мобилизация жасын төмендету мәселесін талқылап жатқанын, өйткені олар Киевтің неліктен 18 бен 25 жас аралығындағы адамдарды майданға жібермейтінін түсінгісі келетінін мәлімдеді.Оның айтуынша, бұл тақырыпты конгрессмендер отырыстан тыс әңгімелерде белсенді түрде талқылап жатыр. Костенко америкалықтардың Украинадағы мобилизация мәселесіне күмәнданып отырғанын жеткізді.Украинада мобилизацияны күшейту туралы заң 18 мамырда күшіне енді. Құжат күшіне енген күннен бастап 60 күн ішінде әскери қызмет өткеруге міндетті барлық тұлғаны әскери комиссариаттағы мәліметін жаңартуды міндеттейді. Ол үшін әскери комиссариатқа барып немесе "әскери міндеттінің электронды кабинетінде" тіркелу қажет.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/617/86/6178633_25:0:576:413_1920x0_80_0_0_cb3f9b02be8e2c3a3ef589dab093b6bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Рада депутаты мобилизация жасын төмендетуді ұсынды
16:53 20.10.2024 (жаңартылды: 16:55 20.10.2024) АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Украина парламентінің депутаты Роман Костенко мобилизация жасын төмендетуді ұсынды, оның пікірінше, егер адам 21 жасында Жоғарғы Раданың депутаты бола алса, онда ол 20 жасында міндетті түрде қызметке шақырылуы керек.
Жұма күні Украина Қорғаныс министрлігінің басшысы Рүстем Умеров АҚШ Украина билігімен мобилизация жасын төмендету мәселесін талқылап жатқанын, өйткені олар Киевтің неліктен 18 бен 25 жас аралығындағы адамдарды майданға жібермейтінін түсінгісі келетінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл тақырыпты конгрессмендер отырыстан тыс әңгімелерде белсенді түрде талқылап жатыр. Костенко америкалықтардың Украинадағы мобилизация мәселесіне күмәнданып отырғанын жеткізді.
"Мобилизация мәселесі бар дейсіздер. Неліктен барлық елде 18 жастан, ал сіздерде 25 жастан бастап әскерге алынады? Демек сіздерде мобилизация мәселесі жоқ. Немесе іргелі шешімдер қабылдаудан қорқасыздар", - деп Костенко екіжақты әңгімеден үзінді келтірді.
Украинада мобилизацияны күшейту туралы заң 18 мамырда күшіне енді. Құжат күшіне енген күннен бастап 60 күн ішінде әскери қызмет өткеруге міндетті барлық тұлғаны әскери комиссариаттағы мәліметін жаңартуды міндеттейді. Ол үшін әскери комиссариатқа барып немесе "әскери міндеттінің электронды кабинетінде" тіркелу қажет.