Семейде 13 жастағы қызды ерлікпен құтқарған полицей жол апатынан көз жұмды

© Photo : osa.instaДТП в Абайской области
ДТП в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 қазан - Sputnik. Абай облысы Омбы - Майқарағай жолында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
© Photo : osa.instaДТП в Абайской области
ДТП в Абайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2024
ДТП в Абайской области
Оқиға 18 қазанда болған.
"Омбы — Майқапшағай автожолында үш көлік жол апатына түсті. Салдарынан үш азамат, оның ішінде Семей қаласының полиция аға сержанты Асхат Ахатов қайтыс болды", - деп хабарлайды ведомство.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың наурызында қайтыс болған полиция қызметкері жасөспірім қызды аңдып жүрген қылмыскерден құтқарған болатын. Жасөспірімді құтқару кезінде полицей пышақ жарақатын алды.
Жаңалықтар
0