Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы: Астанада мерекелік іс-шаралар өтті

© Photo : Сайт Минобороны КазахстанаСредняя школа №44 имени Р. Кошкарбаева
Средняя школа №44 имени Р. Кошкарбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2024
Жазылу
Рахымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысында дүниеге келген.
АСТАНА, 19 қазан - Sputnik. Бүгін Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толды.
79 жыл бұрын, 1945 жылы 30 сәуірде лейтенант Рахымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов фашистер жаудырған оқтың астында Рейхстагтың орталық бөлігіне жақындады. Негізгі кіреберістің баспалдағына қызыл жалау тікті.
Рахымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысында дүниеге келген. Ол Ұлы Отан соғысының жауынгері, Қызыл армия офицері, Халық қаһарманы.
Қазақстанның тұңғыш президентінің 1999 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Рахымжан Қошқарбаев қайтыс болғаннан кейін Қазақстандағы ең жоғары дәрежелі Халық қаһарманы атағына ие болды.
Астанадағы мектеп Рахымжан Қошқарбаевтың есімін алды.
Осы күнге орайластырылған бірқатар салтанатты іс-шаралар 19 қазанда бүкіл Қазақстан бойынша өтіп жатыр.
© Photo : Сайт Минобороны КазахстанаСредняя школа №44 имени Р. Кошкарбаева
Средняя школа №44 имени Р. Кошкарбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2024
Средняя школа №44 имени Р. Кошкарбаева
Мәселен, елордалық Рахымжан Қошқарбаев атындағы №44 мектепте оқушылардың, қорғаныс министрлігі өкілдерінің және ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен естелік кездесу өтті.
"Атаулы күнге орай қорғаныс министрлігі іс-шаралар кешенін ұйымдастырды. Барлық оқу орнында Ерлік сабақтары өтті. Болашақ Отан қорғаушыларға өмір жолы олар үшін үлгі болып табылатын Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі туралы айтылды", – деп атап өтті қорғаныс министрлігінің өкілі Әлімқұлов.
Салтанатты іс-шаралар мен конференциялар еліміздің басқа оқу орындарында да өтті.
Жалпы Ұлы Отан соғысы майданына 1 200 000 қазақстандық кетті, олардың жартысы үйлеріне оралмады. Кеңес Одағының батырларының арасында 528 отандасымыз бар, олардың төртеуі екі рет батыр атағына ие болды. 1945 жылы 2 мамырда Берлин гарнизоны жау қолынан азат етілді.
Астанадағы №44 орта мектепке Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2024
Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаев есімі берілді
Жаңалықтар
0