Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің экономика министрлері кездесті

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаВстреча министров экономики и торговли Организации тюркских государств
Встреча министров экономики и торговли Организации тюркских государств - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2024
Жазылу
Бішкектегі кездесуге Қазақстан ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, сондай-ақ Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Мажарстаннан барған делегациялар қатысты
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Кездесуде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің экономикалық дамуы мен ынтымақтастығын одан әр нығайту мәселелері талқыланды.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаВстреча министров экономики и торговли Организации тюркских государств
Встреча министров экономики и торговли Организации тюркских государств - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2024
Встреча министров экономики и торговли Организации тюркских государств
Вице-премьер Қазақстан түркі интеграциясының дамуына ерекше мән беретінін және бауырлас мемлекеттердің бастамалары мен сындарлы ұсыныстарын әрқашан құптайтынын атап өтті.
"ТМҰ аясында құрылған Түркі инвестициялық қоры экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға, елдеріміздің қарқынды өсуі мен өркендеуі үшін капиталдарды, технологиялар мен таланттарды тартуға деген ортақ ұмтылысты айғақтайды", — деді Байбазаров.
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің барлық министрі Қазақстанның ТМҰ Жасыл қаржы жөніндегі кеңесін, сондай-ақ ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің Орталық (ұлттық) банктер кеңесін құру туралы бастамаларын қолдады.
ТМҰ экономика және сауда министрлерінің келесі кездесуі Түркістанда өтеді. Онда Қазақстанның барлық ТМҰ елдері қолдаған тағы бір бастамасы "TURAN" арнайы экономикалық аймағын ашу жоспарланып отыр.
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылғы 3 қазанда құрылды. 2021 жылы кеңес Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып қайта құрылды.
2024 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен ТМҰ елдері арасындағы өзара сауда көрсеткіші 7,2 млрд долларды құрады.
Қазіргі уақытта ұйымға 5 мүше және 2 бақылаушы мемлекет кірген. Оған мүше мемлекеттер: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан. Бақылаушы мемлекеттер: Мажарстан, Түрікменстан.
Жаңалықтар
0