Түркістан әуежайында Германиядан келген зейнеткер ұсталды

© Sputnik/Ертай СарбасовТүркістан әуежайы
Түркістан әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2024
Жазылу
71 жастағы әйелден қос азаматтық анықталды
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Түркістан әуежайында Германиядан келген зейнеткер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Көліктегі полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, "Түркістан-Ыстанбұл" бағытындағы рейске тіркелу кезінде Германиядан келген 71 жастағы әйелден қос азаматтық анықталды. Зейнеткер Германия азаматтығын алған, бірақ Қазақстанның төлқұжатын тапсырмаған, мемлекеттік органдарға да хабар бермеген. Оған қатысты әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жіберілді.
Соттың шешімімен неміс зейнеткеріне 140 АЕК (516 880 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетері, бүгін "Мигрант" шұғыл алдын алу шарасы аяқталды. Республика бойынша екі күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 143 адам анықталды. Олардың ішінде 19 шетелдік сот шешімімен елден шығарылды.
Халыққа қызмет көрсету орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2023
Қос азаматтық үшін жаза күшейтіледі – министрлік
Жаңалықтар
0