Оқушыларды "тәртіпке салмақ болған" мұғалім жұмыстан қуылды

© Photo : аккаунт Санияра Айтекенова в FacebookОбщественный туалет в Астане
Общественный туалет в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Семейде тарих мұғалімі сабаққа кедергі жасалған оқушыларды дәретханаға шығарып сөйлескен. Сол үшін жұмыстан қуылды. Оған қоса, ер адамға қатысты бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға № 38 орта мектепте екі күн бұрын болған. 7-сыныптың екі оқушысы сабақ кезінде тыныш отырмай, сабаққа кедергі жасады. Сол кезде мұғалім оларды дәретханаға алып барып, тәртіпке салғысы келген. Оқушылардың біреуі бәрін диктофонға жазып алды. Алайда ер адам телефонды алып қойды да, барлық аудиожазбаны жойып тастады. Ата-аналар бірден полицияға арыз түсірді.
Мұғалімнің ісі алдымен педагогиалық этика жөніндегі кеңесте қаралды. Осы жиында оны жұмыстан шығаруға шешім қабылданды. Себебі бұған дейін қатаң сөгіс алған. 17 қазанда тарих пәнінің мұғалімімен рәсімделген еңбек шартының күші жойылды. Ал полиция бұзақылық бойынша әкімшілік істі қозғады.
Айта кетері, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 432-бабы (ұсақ бұзақылық, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу) бойынша 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл немесе 5-15 тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0