https://sputnik.kz/20241018/egovkz-ta-zhylzhymaytyn-muliktin-mekenzhayyn-beru-nemese-zhoyu-qyzmeti-iske-qosyldy-47932250.html
eGov.kz-та жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою қызметі іске қосылды
eGov.kz-та жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою қызметі іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді және ақысыз негізде ұсынылады 18.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-18T16:38+0500
2024-10-18T16:38+0500
2024-10-18T16:38+0500
жылжымайтын мүлік
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/11/15493909_0:0:2304:1296_1920x0_80_0_0_2bd8fac73e7ffaa24c93eaf3e4039135.jpg
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Енді пайдаланушылар eGov.kz порталында онлайн режимінде өз жылжымайтын мүлкінің мекенжайын бере немесе жоя алады.Бұрын осы қызмет үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, анықтама алу керек болатын. Процесті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ автоматтандырды.Мекенжай коммуналдық жүйелерге (электр, су, газ), интернетке, пошталық жеткізілімге және басқа да көптеген қызметке қосылу үшін қажет.Ресми мекенжайдың болуы меншік иесіне құқықтық даулар туындаған жағдайда мүлік құқығын қорғауға мүмкіндік береді, себебі жылжымайтын мүлік объектісі Мекенжай тіркеліміне енгізіледі.Сондай-ақ мекенжайcыз жылжымайтын мүлікпен мәмілелер: сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға беру және басқа да заңды операциялар жасау мүмкін емес.Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді және ақысыз негізде ұсынылады.Қызметті алу үшін:Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды беру/жою туралы хабарлама-хат немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Сұрау салу мәртебесі нәтижені алған күнін көрсете отырып, Жеке кабинетте де көрсетіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/11/15493909_289:0:2017:1296_1920x0_80_0_0_4a0e36eee7a152ed6ffd6ed427b0a424.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылжымайтын мүлік
eGov.kz-та жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою қызметі іске қосылды
Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді және ақысыз негізде ұсынылады
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Енді пайдаланушылар eGov.kz порталында онлайн режимінде өз жылжымайтын мүлкінің мекенжайын бере немесе жоя алады.
Бұрын осы қызмет үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, анықтама алу керек болатын. Процесті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ автоматтандырды.
"Мекенжайды беру жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік деректер қорында кейін сәйкестендіру үшін қажет ресми мәртебе береді. Бұл ақпарат меншік иелеріне өз мүлкін заңды түрде басқаруға мүмкіндік береді", - деп жазылған компанияның хабарламасында.
Мекенжай коммуналдық жүйелерге (электр, су, газ), интернетке, пошталық жеткізілімге және басқа да көптеген қызметке қосылу үшін қажет.
Ресми мекенжайдың болуы меншік иесіне құқықтық даулар туындаған жағдайда мүлік құқығын қорғауға мүмкіндік береді, себебі жылжымайтын мүлік объектісі Мекенжай тіркеліміне енгізіледі.
Сондай-ақ мекенжайcыз жылжымайтын мүлікпен мәмілелер: сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға беру және басқа да заңды операциялар жасау мүмкін емес.
Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді және ақысыз негізде ұсынылады.
eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Жылжымайтын мүлік" – "Сатып алу, сату, жалдау" бөліміне өту;
"Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" қызметін таңдау;
қызметке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды беру/жою туралы хабарлама-хат немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Сұрау салу мәртебесі нәтижені алған күнін көрсете отырып, Жеке кабинетте де көрсетіледі.